Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көрші елдердің эпидахуалын ескеру керек – Асқар Мамин - АРҚА АЖАРЫ

Көрші елдердің эпидахуалын ескеру керек – Асқар Мамин

ҚР Премьер- Министрі Асқар Мамин өңірлердің бәрінде коронавирусқа қарсы егу шараларын қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жалпы эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Барлық өңірлерде вирус жұқтыру деңгейі, ауыр жағдайдағы науқастардың, стационарлық және амбулаторияда ем алып жүргендердің саны азайды. Алматы және Нұр-Сұлтан қалалары «қызыл» аймақтан шықты. Қазір онда тағы төрт өңір қалды. «Сары» аймақта – 4, «жасыл» аймақта – 9 облыс бар. Дегенмен көрші елдердегі жағдайды да ескеру керек.
Барлық өңірлерде шектеу шараларын қамтамасыз ету қажет. Мониторинг топтары күшейтілген режимде жұмыс істеуге тиіс», — деді ол Үкімет отырысында. Сондай-ақ, Премьер-Министр вакциналау қарқыны айтарлықтай жақсара қоймағанын атады. «Қазіргі уақытта 8,3 миллионнан астам адам екпенің бірінші компонентін, 8,5 миллионнан астам адам екінші компонентін алды.

Елорда, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстары қарқынды күшейтсін. Әкімдіктер мен денсаулық министрлігі емдеу мекемелерінің қоймаларындағы дәрілік препараттар мен бұйымдарға тексеру жүргізіп, олардың қажетті көлемін толық қамтамасыз етсін», — деді Асқар Мамин.

Дереккөз: www.inform.kz

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар