Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Төл теңгеміз – тәуелсіздік нышаны - АРҚА АЖАРЫ

Төл теңгеміз – тәуелсіздік нышаны

Биыл ұлттық валюта – теңгемізге 28 жыл. Осы орайда, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің» Ақмола облыстық филиалының ұйымдастыруымен егемендігіміздің 30 жылдығына арналған «Ұлттық валюта –тәуелсіздік символы» атты көрме болып өтті.

«Ұлттық валюта ретінде теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге – бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны» деген болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

1993 жылдың қарашасында теңгені енгізу біздің тәуелсіз мемлекетіміздің шежіресіндегі ең маңызды оқиғалардың бірі болғаны анық. Бұл еліміздің егемендігін нақты мазмұнмен толықтыру жолындағы тарихи қадам, түпкілікті әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті жағдай болды. Ұлттық теңгені енгізудің маңызын шынайы бағалау оның тарихи жүріп өткен жолдарын ғылыми тұрғыда зерделеуге мүмкіндік берді.

«Теңге» атауы ортағасырлық «денге» немесе «таньга» түркі күміс монеталарынан шыққан. Кейін олардан орыс монетасы «деньга» атауы, яғни ақша сөзі де пайда болған. Қазіргі заманғы теңге ортағасырлық Қазақстанның ірі қалалары Отырар мен Тараздың дәстүрін жалғастырған. Бұлай дейтініміз, аталған қалалар XIII ғасырда өз монеталарын соға бастаған. Қазіргі уақытта Ұлттық валюта Қазақстанда «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің «Теңге сарайы» мен «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасында» дайындалады.

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен «Ұлттық валюта – тәуелсіздік символы» атты көрмеде елімізде 30 жыл ішінде қолданылған теңгенің түрлері, арнайы мерекелік және мерейтойлық даталарға орай шығарылған коллекциялық алтын, күміс және бағалы монеталар қойылып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық валютаның дамуына қосқан үлесі көрсетілген портреттік фотосуреттер мен картиналар көрсетілді. Көкшетау қаласының тұрғындары мен көрмені арнайы тамашалауға келген жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттеріне теңгенің тарихына шолу жасалып, қызықты деректер келтірілді.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар