Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұлттық валюта – Теңге күні аталып өтті - АРҚА АЖАРЫ

Ұлттық валюта – Теңге күні аталып өтті

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев 15 қараша – Ұлттық валюта – Теңге күніне орай, «Болашақ» сарайында өткен салтанатты шараға қатысып, осы сала қызметкерлері мен ардагерлерін төл мерекелерімен құттықтады және көп жылғы мінсіз еңбектері үшін түрлі наградалармен марапаттады.

Халқымыздың басты құндылығы – Тәуелсіздіктің арқасында 30 жыл ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізілді. Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықша белгісі – Теңгеміз бүгінде Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің нышаны, асыл қазынасына айналды.

–Теңгенің айналымға енгізілуі – елімізде ұлттық нарықтың қалыптасып, ерікті экономиканы құруға қажетті қадамдар жасауға мүмкіндік туғызды. Ұлттық валюта енгізілген сәттен бастап, егеменді елімізбен бірге, Ақмола облысы да үлкен табыстарға жетті. Теңге тәуелсіз еліміздің мемлекет ретінде аяққа тұрып, қалыптасуымен тікелей байланысты. Ұлттық валютаның енгізілуі ұлттық қаржы жүйесін, мемлекетімізде экономикалық тұрақтылықтың қалыптасуына жол ашты. Теңгеміз енгізілгеннен бері Ақмола облысының бюджеті 1 миллиард теңгеден 414 миллиард теңгеге дейін өсті.

Бұл табыс аймақтың алғашқы кезектегі мәселелерін шешуге жол ашады. Өңірдің дамуына отандық банктер де үлес қосуда. Бүгінде ел азаматтары ашып жатқан депозиттер күн өткен сайын артуда. Биыл облыс азаматтарының депозиттерге жинаған ақшасының жалпы сомасы 220 миллиард теңгені құрап отыр, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 20 пайызға өскен, – дей келе, өңір басшысы пандемия кезінде де жұмыла еңбек етіп, облыс тұрғындарының уақытылы еңбекақыларын, әлеуметтік жәрдемақылары мен зейнетақыларын алуларына мүмкіндік туғызғандары үшін банк қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Бұдан әрі аймақ басшысы бір топ қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелеріне байланысты ведомстволық наградалармен және өз атынан Алғыс хаттармен марапаттады. Олардың ішінде «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісіне ие болған аталмыш банктің Ақмола облыстық филиалы кассалық жұмыстар жөніндегі инспекторы Ерден Мұнаев, «Қазақстан Республикасының қаржы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған Ақмола облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Татьяна Белая, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі төрағасының Алғыс хатымен мерейі өскен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақмола филиалы қолма-қол ақшамен жұмыс және кассалық операциялар бөлімінің басшысы Данияр Ахметжанов, Ақмола облысы әкімінің Алғыс хаттарын алған қаржы саласының ардагерлері Наталья Зозуля, Қадырбек Нұғыманов, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Әділбек Бейсембаев және екінші деңгейлі банктердің бөлім меңгерушілері мен мамандары, пандемия кезінде мемлекеттік бастамаларды іске асыруға белсене қатысқан «Қазақстан Халық Банкі», «Отбасы банкі», «Центр Кредит банкі», «Kaspi Bank», «Сбербанк», «Евразийский банкі», «Хоум Кредит Банкі» банктерінің басшылары бар.

Салтанатты шара барысында жиналған қауымға Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының мерекелік концерті, Ұлттық Банкінің Ақмола облыстық филиалы ұйымдастырған «Ұлттық теңге – асыл қазына» атты көрмесі ұсынылды.

Ырысалды ШАМШИЕВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар