Президенттің қатысуымен Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы басталды

ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы басталды. Жиынға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жиында Қазақстанның қазіргі жағдайдағы сыртқы саясатының басым міндеттері мен халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері қарастырылатынын айтты. Сондай-ақ Президенттің қатысуымен еліміздің сыртқы саяси ведомствосы жұмысының қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланады.

Дереккөз: www.inform.kz

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар