Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азық-түлік – ел несібесі - АРҚА АЖАРЫ

Азық-түлік – ел несібесі

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиналысқа қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, ауыл шаруашылығы саласында үздік көрсеткіштерге ие болған бір топ басшылар мен қызметкерлерге Алғыс хаттар табыс етті.

Ақмола облысының елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне және республикада осы саланың дамуына қосып келе жатқан үлесі мол. Бұл – егістік алқаптарда, фермалар мен жеке шаруашылықтарда еңбек еткен азаматтардың ерен еңбегінің нәтижесі. Бүгінгі таңда, өңірдің ауыл шаруашылығы саласында даму қарқыны байқалады.

Осының бәрі мемлекеттік саясаттың зор қолдауы мен қазіргі заманғы технологияларды енгізудің, ең бастысы, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің қажырлы еңбегі мен туған жерге деген сүйіспеншілігінің арқасында жүзеге асырылып отыр. Биылғы жылы қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар аудандар төтенше жағдайдың алдында тұрды. Алайда, еселі еңбектің арқасында тығырықтан шығып, егістік пен мал шаруашылығында жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік, – дей келіп, облыс әкімі биылғы күзгі науқанда үздік көрсеткішке ие болған бірқатар аудандардың басшылары мен сала еңбеккерлерін марапаттады.

Ағымдағы жылы облыс диқандары 4 миллион тонна көлемінде астық жинады. Бүгінгі күні облыс элеваторларына шамамен 1,8 миллион тонна астық қамбаға құйылды. Аудандар арасында өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қосқан Сандықтау мен Астрахан аудандары шаруаларының еңбегі орасан. Жемшөп дайындау бойынша Ерейментау ауданы алдан көрінсе, майлы дақылдар өндірісінде Зеренді мен Бурабай аудандары алдыңғы қатарда.

Салтанатты жиында еселі еңбегімен абырой биігінен көрінген еңбек ұжымдарының жұмыстары да аталып өтілді. Олардың қатарында Сандықтау ауданындағы «Максимовское» серіктестігінің басшысы Александр Закусилов, Зеренді ауданының «Викторовское» серіктестігінің басшысы Виталий Гончаров, Целиноград ауданындағы «Ақтық» серіктестігінің басшысы Марат Қамзебаев және тағы басқа шаруа қожалықтарының басшылары марапатталды.

Дала жұмыстарының барлық кешенін уақытылы жүргізуде машина-трактор паркінің техникалық жабдықталуы маңызды рөл атқарады. Ағымдағы жылдың 10 айында облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы сомасы 53 миллиард теңгеден астам 2 мың ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Машина-трактор паркін жаңарту 4 пайызды құрайды. Бұл көрсеткішке «Казрост Инжиниринг», «КАИК» серіктестігі, «Евразия Групп Казахстан» сияқты ірі инвестициялық жобаларды іске асырудың арқасында қол жеткізілді. Осы жобаларды іске асыру есебінен Ақмола облысы еліміз бойынша өндірілетін барлық комбайндар нарықтың 65 пайызын қамтамасыз ететінін атап өту қажет.

Соңғы бес жылда өңірде суармалы жерлер 10 есеге ұлғайды. Бұл ретте, Целиноград ауданының «Грин Стар» серіктестігі, Атбасар ауданының «Шуйское 21», Аршалы ауданының «Еңбек-1» серіктестіктерінің және заманауи технологияларды қолданатын басқа да көптеген шаруашылықтардың еңбегін атап өтуіміз керек.
Өңір басшысы Ермек Маржықпаев бірқатар сала ардагерлері мен қызметкерлерін де марапаттап, оларға жылы лебізін білдіріп, алдағы уақытта да еліміздің ауыл шаруашылығы саласын өркендету ісіне зор үлес қосатындықтарына зор сенім білдірді.
Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар