Өңірдің әлеуеті тиімді пайдаланылса, іс алға басады

Астрахан ауданының әкімі Нұрлан Сейілов брифингте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде тарқатып айтып берді.

Аудан басшысы өз есебінде Мемлекет басшысының ел халқына арнаған Жолдауынан туындайтын міндеттер жөнінде айтты. Сондай-ақ, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының барысына тоқталды.

–Астрахан ауданының экономикасындағы негізгі рөлді агроөнеркәсіптік сектор атқарады. Ағымдағы жылдың тоғыз айында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 43 миллиард 878 миллион теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті деңгейінен 4,5 миллиард теңгеге артық. Биылғы жылы ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 383 мың гектардан астам алқапқа дәнді және бұршақты дақылдар сепкен болатын. Сондай-ақ, егіс алқаптарын әртараптандыру аясында майлы дақылдар алқабы 46 пайызға ұлғайтылды. Құрғақшылдыққа қарамастан, гектар берекесі 10 центнерден айналды. Өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мемлекеттен 2 миллиард 300 миллион теңгеден астам субсидия түрінде айтарлықтай көмек алды.

Мал шаруашылығы саласында ірі қара мал мен жылқы саны көбейді. Өнеркәсіп саласында бірнеше инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 114 миллион теңгенің төрт жобасы іске қосылды. Жалпы, аудан бойынша 3 миллиард 650 миллион теңгенің өнеркәсіп өнімі сатылды,–деді аудан әкімі өз есебінде. Кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауданда мыңнан астам бизнес субъектілері жұмыс істейді. Аталмыш салада төрт мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен кәсіпкерлері өз өнімдерін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде белсенді сатуда.

–Қаңтар-қыркүйек айларында 335 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыз қалған азаматтарды жұмыспен қамту үшін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Білім беру саласына тоқталсақ, мектептерді материалдық-техникалық жабдықтау, балаларды оқыту үшін қолайлы және қауіпсіз жағдайлар жасау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Бүгінгі күні білім беру саласының барлық мекемелері бейне бақылаумен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, өңірде денсаулық сақтау саласын әртараптандыру қолға алынуда. Коронавирус індеті бойынша күрделі жағдайды ескере отырып, ауданда халықты коронавирустық инфекциядан вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде,– деді аудан әкімі Нұрлан Сейілов өз сөзінде. Ауыл инфрақұрылымын одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау және білім беру салаларының сапасын арттыру мақсатында маңызды жобалар да қолға алынып жатқан көрінеді. Инвестициялар тарту және өнеркәсіптің қайта өңдеу саласын өркендету аудан экономикасының дамуына серпін берері анық. Брифинг соңында аудан басшысы журналистер қойған сауалға жауап берді.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар