Ыбырай және Мағжан педагогикаларының өзара үндестігі

Tәуeлсіз елімізде оқушы және студент жастарға бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім-тәрбиe беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой-пікірлeрін, жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, жүйелеп, оқу oрындарының оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың маңызы зор. Осы бағытта қазіргi бәсекеге қабілетті жасөспірімдерді тәрбиелеу, ұлттың тұрмыс-тіршілігіне дәнекер бола алатын сапалы да салауатты, ұлтжанды, мәдени-ғылыми ой-өрістері кең ұрпaқ өсіру – қоғам алдында тұрған басты міндет. Әрбір қоғамның өзінің даму барысында зиялы қайраткерлердің педагогикалық ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп, пайдаланып отыруы бұрыннан келе жатқан үрдіс болса керек.

Бүгінгі таңда жалпы білім беретін орта мектептер мен педагогикалық жоғары оқу орындарында, оқыту мен тәрбиелеу саласында ұлттық қағидалар неғұрлым кең қанат жаюда. Ұлт педагогикасын сөз еткенде, қазақтың тәлім-тәрбиесінің қалыптасу тарихына назар аудармай кетуге болмайды. Оған ерте дәуірден бергі көптеген ұлы тұлғалардың үлес қосып, аса мол бағалы мұралар қалдырғанын байқаймыз.

Орта ғасырлық жерлестерімізден Әбунасыр әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Жүйнеки, Қожа Ахмет Яссауи, М.Хорезми, С.Сараи, тағы басқаларын атауға болады. Әсіресе, философия, этика, математика, астрономия, география, тарих, әдебиет сияқты ғылымдарды оқып-үйренуге ерекше көңіл бөлінді. Осы ретте, жоғарыда аталған біздің жерлестеріміздің бүкіл әлемге танымал болуы зор мақтаныш.

Сол даналардың тәлімдік ілімдерінен нәр алған, ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтың жазба әдебиеті мен ұлттық тәлім-тәрбиесін қалыптастырған А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, тағы басқаларының еңбектерінің тарихи маңызы зор. XIX-шы ғасырдың екінші ширегінде сол замандағы ұлт зиялылары елді аман сақтап қалудың бірден бір жолы, оқу, ағарту халықты білімдендіру екенін түсінді.

Осы орайда, ғұлама ұстаз Ы.Алтынсариннің еңбегі шексіз. Ол сол кездегі шашыранды, жүйесіз білім беруді ғылыми, жүйелі жолға қоя білді. Мектептер ашты, оқулықтар жазды, қазақ халқын оқу, білімге шақырды. Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарасын сөз еткенде, оның тек ұлы ағартушы ғана емес, бала жанын терең түсінетін педагог-психолог, гуманист жан екенін көресің. Балаға жылы көзқарас білдіру, ұстаз бен шәкірт арасындағы жылы қарым-қатынас, ынтымақтастық ұстанымдары Ыбырай Алтынсариннен бастау алады. Бұл өз кезегінде сол замандағы Еуропа елдерінің гуманистік педагогика өкілдері Ж.Руссо, Я.Коменский, Песталоций, тағы басқаларының ілімдерімен сабақтас еді.

Ы.Алтынсариннің педагогикалық ілімдері туралы осы ғасыр айналасында талай дүниелер жазылып, ғылыми айналымға енгені анық. Ыбырай Алтынсариннің есімі мәңгілік, оның қазақ педагогикасына енгізген ғылыми жаңалығы да мәңгі ел есінде қала бермек. Ендігі мәселе, Ы.Алтынсариннің сол еңбектерін қазіргі оқу-тәрбие үрдісінде қалай пайдаланып, егемен ел педагогикасын жаңа биіктерге жеткіземіз деген ой.

Осы тұрғыдан келгенде, Ы.Алтынсариннің педагогикалық ілімдерінің мәні зор. Ыбырай Алтынсарин өз ғасырынан озып туған ғұлама адам. Ол ұлы ұстаз, ақын, философ, әдебиетші, тарихшы ғана емес, сонымен бірге, туа біткен мұғалім, тәлімгер, психолог, бала жанын терең білген ұлы ұстаз. Ыбырайдың ұстаздық әлемі тұңғиық терең. Оны оқып, зерттеу бүгінгі ғалымдар мен ізденушілер үлесіне тиесілі болмақ. Оның озық ойлы педагогикалық ілімдері бүгінгі күнге дейін өз құндылығын жойған емес. Жылдан жылға, ғасырдан ғасырға жалғаспақ.

Айталық, жиырмасыншы ғасырдың алғашқы 20-30-шы жылдарында қазақ зиялылары осы Ыбырай педагогикасы мен ілімдерін негізге ала отырып, жаңа ұлт педагогикасын жасақтады. Мектептер ашты, оқулықтар жазды, мұғалімдер дайындады. Солардың бірі қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы-педагог Мағжан Жұмабаев болды. Ол өмірінің саналы уақытын бала оқыту, оқулықтар жазуға арнады. Оның 1922-ші жылы жазып шығарған «Педагогика» оқулығының құндылығы бүгінгі күнге дейін өзекті. Онда ол баланы оқытып қана қоймай, ұлт тұрғысынан тәрбиелеу керектігін ғылыми тұрғыдан жазып көрсеткен.

Оның «Педагогика» атты оқулығы тұнып тұрған халықтық педагогика мен психология. Онда халықтың мінез-құлқы, әдет-ғұрпы, бала тәрбиелеу тәсілдері ерекше нақышпен суреттелген. Сол мұралар арқылы оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, адами ұлы қасиеттерге тәрбиелеудің жолдарын көрсетті. Сонымен бірге, М.Жұмабаев халық педагогикасының бәрін оқу- тәрбие ісіне талғаусыз енгізе бермей, оны бүгінгі күн талабына сай жаңаша, өркениетті жағдайға пайдаланудың жолдарын меңзейді. М.Жұмабаевтың қазақ педагогикасына енгізген ерекше жаңалығы, оның ұлттық психология ғылымына қосқан үлесі. Ол психологиялық ғылыми қағидаларды зерттей келе, оны қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық психологиясына жақындатуды қарастырды.

Пәндерді оқытуда қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, оны сабақта пайдалану, дамыта оқыту, бала қиялын, фантазиясын өсіру, өзіндік ойлау процесіне ерекше мән беріп отырудың қажеттілігін қарастырды. Әсіресе, тіл мәселесіне келгенде баланың бастапқы (1-4) сыныптарда тек қазақша оқуы керектігін дәлелдеді. Сонымен бірге, баламен жұмыс істейтін үлкендердің таза әдеби қазақ тілінде сөйлеп, тіл тазалығын сақтау қажеттілігін алдыңғы орынға қоя білді. Осы орайда, білместіктен айтылып жүрген Ыбырай бабамыз туралы өсек сөздердің негізсіз екенін баса ауызға алуымыз керек. Оның ұлтжанды адам екендігіне бір ғана мысал келтірсек, өз қаражатына мектеп салып, онда кедей-кепшіктердің балаларын оқытуы, соларға арнап оқулықтар жазуы, тіпті орыс миссионерлерінің өзін ұлт пайдасына пайдалануы, тағы басқа әрекеттері нағыз патриот, ұлтжанды екенін көрсетсе керек.

Ильминскийге жазған бір хатында ол: «татар тілінен қазақ тілін арылту үшін, кириллицаны енгіздім… Алла жазса, қазақ тілінің де өз төл алфавиті болатынына кәміл сенемін» дейді. Ол діншіл болған. Балаларға мұсылманшылықты айтудан жалыққан емес. Оған дәлел, оның «Мұсылманшылықтың тұтқасы» деген оқулық кітабы. Балалармен бірге намаз да оқыған.

М.Жұмабаев Ыбырай Алтынсариннен кейінгі қазақ педагогикасының негізін жалғастырушысы және оның көш бастаушыларының бірі деп айтуымызға әбден болады. Ол Ыбырай Алтынсариннің сара жолын жалғастыра отырып, мектептер ашты, оқулықтар жазды, бала оқытты. Міне, Ыбырай Алтынсариннің ұстаздық, ағартушылық ілімдерінің ұрпақтан ұрпаққа жалғасы осы.

Бүгінгі күннің нeгізгі мәсeлeсі – қaзіргі жaһaндaну зaмaнынa, білім бeрудeгі рeформaлaрды жүзeгe aсыруғa бaйлaнысты мeктeптeргe жaңa формaция мұғaлімдeрін даярлау. ХХІ ғaсырдың мұғaлімі тeк пән бойыншa тeориялық жәнe әдістeмeлік білімдeрмeн ғaнa шeктeлмeй, сонымeн қaтaр, жaңaшыл, зeрттeуші, іздeнімпaз, шығaрмaшыл, құзырeтті, пeдaгогикaлық тeхнологияны жeтік мeңгeргeн, бәсeкeгe қaбілeтті ұстaз болып қaлыптaсуы кeрeк. Пeдaгогикaлық әрeкeттeгі шығaрмaшылықтың тірeгі, мұғaлімнің кәсіби құзырeттілігі.

Eліміздің болaшaқтa көркeйіп, өркeниeтті eлдeр қaтaрынa қосылуы бүгінгі ұрпaқ бeйнeсінeн көрінeді. Қaзіргі білім бeру сaлaсындaғы басты бір мәсeлe оқытудың бeлсeнді әдістeрін, пeдaгогикaлық тeхнологиялaрды игeру жәнe олaрды мұғaлім тарапынан оқу-тәрбиe үрдісіндe жүзeгe aсырa білу. Бұл өз кезегінде Ы.Алтынсарин мен қазақ зиялыларының арманы болатын.

Білім бeру жүйeсіндe болып жaтқaн түбeгeйлі өзгeрістeр оқыту үрдісін озық инновaциялық жәнe aқпaрaттық тeхнологиялaрмeн жeтілдіруді тaлaп eтeді. Инновaциялық пeдaгогикaлық жәнe aқпaрaтты, мультимeдиaлық тeхнологиялaрды жeтік мeңгeру мұғaлімнің шeбeрлігі мен кәсіпқойлығына жәнe бaсқa дa кәсіптік құзырeттілігінің қaлыптaсуынa игі әсeр eтeді. Осы орайда, Мағжанның «Баланы заманына лайық ете отырып, оқыту керек» деген сөзі бүгінгі күн үшін айтылғандай.

Қaзіргі қоғaм сұрaнысынa орaй болaшaқ мұғaлімдeрді кәсіби дaярлауда пeдaгогикaлық жоғары оқу орындары мен коллeдждeрдe жaңa пeдaгогикaлық тeхнологиялaрды пaйдaлaнып тeориялық жәнe прaктикaлық тұрғыдa білім бeруді жeтілдіру қaжeттігі туындaп отыр. Сондықтан болар, кезінде осы мәселелерді Ы.Алтынсарин көтеріп қана қоймай, орта оқу орындарын, яғни, училищелерді аша отырып, оған қазақ балаларын оқуға шақырған. Бұл ретте, М.Жұмабаев та педагогикалық училищелерді ашып, онда өзі де сабақ бергені белгілі. Міне, бабалар сабақтастығы деген осы болар.

Мұғалімдер оқушыларға барлық ситуацияларды шешіп алуларына көмектесулері қажет. Проблемалық оқыту шеберлігінің төмендігі оқушыларды енжарлыққа, шала сауаттылыққа, жалқаулыққа итермелейтіні рас. Бүгінгі өмірде Қазақстан көп салалы нарықтық экономикаға қадам басып отыр. Ендеше ертеңгінің маманы, осы нарық экономикасын-сарамандық бизнес пен экономикалық теорияны жақсы білуі қажет. Ол үшін оқушыларды жас күнінен бүгінгі таңда өмір сүрудің басты құралының бірі еңбек ету екендігіне үйрету. Күні бүгінге дейін оқушы даяр білім алумен шектеліп, мұғалімнің айтқанын ғана қабылдап келді. Өз бетінше ізденіп, білім қумаған оқушы еңбекке дәрменсіз болмақ. Оқушыларды еңбекке баулудың бір жолы – экономикалық білім беру. Өкінішке орай, біздің мектептерімізде бұл пән базистік жоспарға да енбеген.

Ендеше, бүгінгі таңның өзекті мәселесі – жан-жақты, көп мәдениетті, білімдар дара тұлғаны қалыптастыру. Оқушыны алғыр ойлы, жан-жақты дамыған, ұлт азаматы етіп тәрбиелеуде мұғалімнің шеберлігі, шығармашылығы қажет. Яғни, қазіргі ұстаз терең ойлы, ғылыми білімі бар, оқу-тәрбие ісін дұрыс ұйымдастыра білетін, шығармашылықпен айналысатын адам болуы шарт.

Осы орайда, айта кететін мәселе, өңіріміздегі Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті заман талаптарына сай студенттерге терең білім мен тәрбие беруде бар мүмкіндіктерді қарастыруда. Қазақ тілінде оқу-тәрбие жұмысы жақсы жолға қойылып, студент жастарға ұлттық тұрғыдан тәрбие берілуде. Әсіресе, бүгінгі таңда Батыс пен Шығыстың, Еуропа мен Азияның идеологиясының қарама-қарсы қайшылығының кезеңінде ұлттық идеологияны қалыптастыру ең өзекті мәселе. Әр нәрсеге еліктегіш келетін жастарды батыстың бейресми мәдениеті мен моральдық азғындаушылық іс-әрекетінен аман алып қалудың бірден-бір жолы, ол ұлтымыздың тарихы мен халықтық педагогика жолы. Осы орайда, қазақ халқының біртуар ұлдарының өмірі мен шығармашылығын оқып-үйрену жас жеткіншектерді үлкен патриоттық сезімге баулып тәрбиелейді.

Ұлтымыздың тәлімгерлік тәжірбиесі өте бай. Мәселе, сол байлықты ел игілігіне айналдырып, бүгінгі оқушы жастардың бойына сіңіру болып табылады. Жасыратыны жоқ, жаһандану заманында, Қазақстан әр алуан діндер мен саяси-экономикалық жағдайы әр алуан мемлекеттердің қоршауында тұрғанда тәрбие проблемасының да күрделене түсері даусыз. Қазіргі басты мақсат – ел тәуелсіздігін, оның бірлігі мен жасампаздығын, ата-баба салт-дәстүрі мен ұлттық қағидаларды аман сақтап қалу.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті алдындағы ең бір жауапты міндет – қоғам мүшелерінің адамгершілік қасиетін тәрбиелеу. Бұл тәрбие жастарды ар-ұятқа, адал, әділетті, кішіпейіл, көпшіл, еңбекшіл болу сияқты қоғамға пайдалы көптеген қасиеттерге баулиды. Сондай-ақ, ол әр түрлі жат қасиеттерден, соның ішінде ұятты аяққа таптаудан, жалқаулықтан, озбырлықтан, зұлымдықтан, екіжүзділіктен, көзбояушылықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Тәрбиенің бұл саласын жүргізуде оқу бағдарламасы бойынша әдеп, эстетика, мәдениеттану пәндерінің алар орны, атқаратын ісінің маңызы өте зор. Тәрбие тек мектеп қабырғасында ғана болмайтыны анық. Ананың бесік жырынан бастап, о дүниеге жөнелгенше адам өмірі үйренумен өтетігінде дау жоқ. Сондықтан, бұл мәселелерде халықтық педагогикаға оралып, ұлттық тәрбиеге ден қойғанымыз жөн.

Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсарин де осы үлгіден тысқары қалған жоқ. Оның осы бағыттағы еңбектері бүгінгі мектеп бағдарламаларынан тиісті орнын алуы керек.
Бұл тұрғыдан келгенде, жастарымызды бабалар рухында тәрбиелеу басты іс болуы шарт. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық ілімдерін терең зерттеп, оны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалана отырып, насихаттау күн тәртібінен түспесе құба-құп.

Қазіргі жаһандану дәуірінде, Қазақстан бірнеше сырт мемлекеттердің қоршауында тұрғаны анық. Олай болса, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтсақ: «…біздің ұрпағымыз өзіне тән тектілігімен, бұлалығымен, жасқануды білмейтін тәкаппарлығымен, батылдығымен, айлалығымен дараланатын Барыс болмақ. Ол, ешкімге бірінші болып шабуыл жасамайды, әрі тікелей соғыстардан тартынатын болады. Бірақ, ол өзінің еркіндігі, тұрағына, ұрпағына қатер төнген жағдайда, ол бұларды басын тігіп, бойындағы барын салып қорғайтын болады. Ол сыптай да, серпінді болуға және семіздік пен жалқаулыққа бой алдырмауға тиіс, әйтпеген күнде ол қатаң табиғи ортада өмір сүре алмайды».

Ендеше, бүгінгі жас ұрпақты ұлттың ұлы перзенттерінің, оның ішінде Ы.Алтынсаринмен ғұлама ақын, ұстаз Мағжан Жұмабаевтың үлгісінде оқытып, тәрбиелеу – қазіргі қазақ қоғамының алға қойылуы тиіс міндеттерінің бірі болса керек.

Сабыр СЕҢКІБАЕВ,
Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты.

 240 total views,  2 Views Today

By admin

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Өзге де жаңалықтар