Тәуелсіздік – біздің басты құндылығымыз

Достық үйінде «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының «30 игі іс» акциясының аясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Өзгерістер ауқымы – үш ұрпақ көзімен» тақырыбында еңбек ардагерлері, қоғам белсенділері және студент жастардың қатысуымен дөңгелек үстел болып өтті.

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының хатшысы Анас Баққожаев іс-шараны ашып жүргізіп, жиынға шақырылғандарды таныстырды. Отыз жылдықты үш кезеңге бөліп, тәуелсіздіктің маңызды тұстарына тоқталды.

Ең алдымен, егемендікті алғаннан кейінгі мемлекеттің бастан өткерген қиындықтары мен жетістіктері сөз болды.
– Елбасына және сол кезде ел игілігі үшін жұмыс істеген, қиын кезеңде ел басқарған адамдарға үлкен алғысымызды білдіреміз! – деп атап өтті «Ауыл» партиясының хатшысы Анас Баққожаев өз сөзінде. Оның айтқанымен еңбек ардагері, биология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылым академиясының академигі және білім саласының үздігі Әбілжан Құсайынов толыққанды келісті.

Мемлекеттің алғашқы онжылдығы айтарлықтай оңай болмағанын, сондай-ақ, әлемдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудан бас тартып, басқа елдермен ынтымақтастық пен достық қарым-қатынас орнатқанын, сондай-ақ, қажырлы еңбек пен бірліктің арқасында ғана ауыр кезеңдерді бас-тан өткеруге болатынын алға тартты. Егемендіктің алғашқы онжылдығында ауыл шаруашылығы саласындағы реформалардың арқасында аталмыш саланың дамуы жөнінде де айтылды.

2000-2010 жылдар аралығындағы білім саласының өзгеруін, Кеңес заманында болған ауызша емтиханнан тестілеу режиміне көшкенімізді, студент жастарды қолдау аясында «Болашақ» бағдарламасы және денсаулық сақтау саласын нығайту мақсатында мемлекеттік бағдарламалардың қолға алынғанымен, 2005-2008 жылдар аралығында ғарыш және мәдениет салаларының дамуын атап өтті.

Білім саласы жөнінде студенттер де өз ойларын білдірді. Олардың айтуынша, мемлекеттің ішінде де, шет елдерде де жастардың еркін білім алуға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, жаһандық экологияны жақсарту бойынша өз ұсыныстарын алға тартты. Жиын соңында қатысушылар мемлекеттің отыз жылда жеткен жетістіктері мен бастан өткерген қиындықтары жөнінде кітап шығару бойынша мәмілеге келді.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар