Ауданда алғашқы кәсіпкерлер форумы болып өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Зеренді ауданының әкімдігі «Қуатты аймақ – қуатты ел!» атты кәсіпкерлер форумын өткізді.

Зеренді аудандық мәдениет үйінің фойесінде «Бастау» жобасы түлектерінің көрме-жәрмеңкесі болды. Мұнда жиырма шақты кәсіпкер өздері жасаған бұйымдары мен өндірген өнімдерін қойыпты. Айбар Балтабеков 2019 жылы осы жоба бойынша арнайы оқыпты. Бүгінгі күні ол алдыңғы қатарлы кәсіпкер. Сыйкәделік өнім дайындаумен айналысып, күрделі тапсырыстарды орындайды.

–Жоба маған көп нәрсе берді. Ең бастысы, өз күшіме сенетін болдым. Кәсібін бастайтын әр адамның жолында тұрған қиындықты жеңе білуді үйрендім,–дейді жоба түлегі.

–Кәсіпкерлік жұмыс өңір экономикасының дамуына қомақты үлес қосады. Сондықтан, бәріміз бірлесіп, жұмыс істеуіміз қажет. Бізге өнеркәсіп және шикізат әлеуетін толық жүзеге асырып, дамудың қосымша көзін іздеу керек. Зеренді ауданына өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау қажет. Осы орайда біз терең өңдеуді, туризмді дамытумен, Көкшетау мен Астана қалаларының азық-түлік белдеуін қамтамасыз етумен айналысуға тиіспіз. Бұл келешекте бізге үлкен пайда әкеледі,–деді Зеренді ауданының әкімі Әсен Жақсылықов өз құттықтау сөзінде.

Форум жұмысы «Инвестор сағатымен» жалғасын тапты. Кездесуге қатысқан әлеуетті инвесторлар мен кәсіпкерлер инвестициялық бастамамен өз жобаларының тұсауын кесті, оны жүзеге асыру кезіндегі проблемалық мәселелерін айтты. Форумға аудан әкімі мен салалық басқармалар өкілдерінің қатысуы осы жерде кейбір мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Сөйтіп, өңірде инвестициялық климатты жақсарту мақсатында өтетін мұндай шаралар инвесторлардың проблемалық мәселесін нақты және жедел шешуге мүмкіндік беретіні байқалды. Туризм, ауыл шаруашылығы, өңдеуші өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, денсаулық сақтау саласындағы жобалар қаралды.

–Аудан деңгейіндегі кәсіпкерлер форумы Ақмола облысында алғаш рет өткізіліп жатқанын атап өткен жөн. Бүгінгі шара өңірде кәсіпкерлік белсенділікті дамыту үшін қолайлы жағдай құруда маңызды рөл атқарады. Осы орайда, шағын бизнеске көп назар аударылған. Соңғы 5 жылда «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер палатасында 9903 ақмолалық оқытылды. Оның 865-і Зеренді ауданының тұрғындары.Биылғы жыл

ы жоба бо-йынша 109 зеренділік оқытылды. Оның 55-і грант алып, мемлекеттік жеңілдік бағдарламаларымен қаржыландырылды, – деді өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек. Оның айтуынша, бүгінгі күні ауданда 10 мың жекеменшік аула шаруашылығы жұмыс істейді. Олар күн сайын 40 мың тонна сүт, 4 мың тонна ет өндіреді. Дегенмен, қажетті шикізаттың жетіспеушілігінен өңдеуші кәсіпорындар толық қуатында жұмыс істемейді. Осыған байланысты «Бастау Бизнес» түлектерінде тауарлы-сүт фермасы, мал бордақылау алаңы тәрізді базалық шаруашылықтармен және өңдеуші кәсіпорындармен бірлесе жұмыс істеулеріне болады. Жоба түлектерінің көбі өз бизнесі үшін мал шаруашылығын таңдайды.

–Сондай-ақ, Зеренді ауданында туристік бағытта кәсіпкерлікті дамытудың үлкен әлеуеті бар. Бүгінгі күні туризм саласында 1665 керуеттік орны бар 39 туристік нысан, демалыс үйі, отелдер мен шипажайлар жұмыс істейді. Маусымға байланысты емес қызметтер түрін ұсыну игерілмей отыр. Туристік рыноктағы қызметтің сервистік деңгейі төмен немесе мүлдем жоқ. Ал, туристердің келуі жыл сайын көбеюде. Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік белсенділікті дамытуға одан әрі ықпал етуге және ауданның жұмыс істеп тұрған бастаушы кәсіпкерлерін алып жүруге дайын,–деді одан әрі Ерқанат Мұсылманбек.

Панелдік сессия жұмысын белгілі жаттықтырушылар мен бизнес-коучтердің қатысуымен бизнес-тренинг жалғастырды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнес-жаттықтырушысы Әзиза Ақылбаева бизнес-үрдістерді ұйымдастыру кезінде тиісті рөл атқаратын тайм-менеджменттің қажеттілігі жөнінде айтты. Мақсатты аудиториямен әйел кәсіпкерлігін дамыту жөнінде өңірдің бизнесвумені, Ақмола облысының іскер әйелдер кеңесінің мүшелері әңгімелесті.

Мәселен, кәсіпкер Марал Кенжахимова туристік сала жұмысының принциптері жөнінде айтып берді. Дәстүр бойынша шара өңірдің үздік кәсіпкерлерін марапаттаумен аяқталды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы іскер әйелдер кеңесінің шешімімен әйел кәсіпкерлер арасында «Бизнес-тану» Аруана» сыйлығымен жыл қорытындысы бойынша Зеренді ауданының жеке кәсіпкері Айшат Яндиева

марапатталды.Рамазан ТІЛЕУОВ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Суретті түсірген
Советбек МАҒЗҰМОВ.
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар