Тәңір сыйы – тәуелсіздік!

Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойына арналған «30 жұлдызды шың» шаралар шеруі аясында Краснояр қалалық үлгілі кітапханасында Бірлік қалалық үлгілі кітапханасымен бірлесе отырып, «30 жылдыққа – 30 кітап» тізіміне енген Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Республикасының Әнұранының авторларының бірі, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным» кітабы негізінде «Тәңір сыйы –Тәуелсіздік» атты оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты жас ұрпақты ақын жырлары арқылы байтақ даламызды, дархан халқымызды, ділімізді, тілімізді сүюге тәрбиелеп, басты құндылығымыз – тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай қастерлей білуге шақыру, кітап оқуды насихаттау болып табылады.

Шараға Краснояр ауылы әкімінің орынбасары Серікжан Мейрамұлы, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология факультетінің профессоры Сәбит Жәмбек, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ақын-жазушы Ерболат Баятұлы, әдебиеттанушы-ғалым Аян Қажыбай, ҚР мәдениет қайраткері Төкен Ілияс, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі мен Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері, мектеп оқушылары, оқырмандар, БАҚ өкілдері қатысты.

Шара Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің студенттері және қатысушылардың бірлесе орындауында Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқаумен басталды. Сәбит Жәмбек Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығы жайлы мәліметтермен таныстырып, баяндама жасады. Шара қонақтары Ерболат Баятұлы, Аян Қажыбай оқырмандармен пікір алмасты. Өз кезегінде оқырмандар Жұмекен Нәжімеденовтің өлеңдерін жатқа оқып, ақынның кітаптары жайлы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ «30 жылдыққа – 30 кітап» көрмесі таныстырылды. Шара Төкен Ілиястың орындауында «Атамекен» әнімен аяқталды.

Гүлжанар БОДАУБАЙ,
Краснояр қалалық үлгілі кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар