Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жандос Бүркітбаевқа Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару жүктелді - АРҚА АЖАРЫ

Жандос Бүркітбаевқа Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару жүктелді

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің №197-р өкімімен Жандос Бүркітбаевқа Денсаулық сақтау министрі міндетін атқару жүктелді. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарып келген болатын.

Жандос Бүркітбаев 1972 жылы 27 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген. 1996 жылы C. Асфендияров атындағы Алматы ұлттық медицина университетін (емдеу ісі), 2003 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (мемлекеттік және жергілікті басқару), 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын (фармация), 2018 жылы ҚДСЖМ Қазақстан медицина университетін, 2020 жылы «Тұран-Астана» Университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің Н.И. Пирогов атындағы Ұлттық медико-хирургиялық орталығының докторанты.

Еңбек жолы: Алматы қаласындағы шұғыл медициналық көмектің қалалық клиникалық ауруханасының дәрігері (1996-1998); Алматы қаласындағы республикалық Апаттар медицинасы орталығының дәрігері (1998-1999); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің, Білім және ғылым басқармасының бас маманы (1999-2000); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттігінің дәрі-дәрмек саясаты, Медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамыту, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы (2000-2001); ҚР ДСМ фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп және ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу бөлімінің бастығы (2001-2002); ҚР ДСМ фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп және дәрі-дәрмек саясаты басқармасының бастығы (2002-2004); «Ақтөберентген» АҚ кеңесшісі (2005-2007); ҚР Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму бойынша комитетінің Қызметті қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2007-2008); Астана қаласының «Қан орталығы» ШЖҚ ҚКК басшысы (2008-2011); ҚР Денсаулық ҚР ДСМ «Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы» ШЖҚ (2011-2019); ҚР ДСМ «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС басқарма төрағасы (2019-2021).

Вице-министр қызметінде – 2021 жылдың қаңтарынан бері. Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылған еді.

Дереккөз: www.inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар