Облыстық Полиция департаметінің мәліметінше, Ақмола облыстық ПД криминалдық полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны жүгінді. Жәбірленуші 2021 жылдың маусымынан бастап таныс емес ер адам қорқыту арқылы одан 300 мың теңге көлемінде ақша талап ететінін айтты. Тұрақты қауіп-қатерден шаршаған жәбірленуші полицияға жүгінді.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақмола облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық жазаға тартылған облыс орталығының 23 жастағы тұрғынын анықтады», — деді ведомстводан.
Қазіргі уақытта аталған іс бойынша қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігі «бопсалаушылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.