Ақмола облысының прокуратурасында Ауыл шаруашылығын субсидиялау мәселелері талқыланды

2021 жылғы 29 желтоқсанда облыс прокуроры А.С. Майлыбаевтың төрағалығымен агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау саласындағы заңнаманы сақтау мәселелеріне қатысты отырыс өтті.

Жиналысқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Экономикалық тергеу департаментінің басшылары, облыс әкімінің орынбасары, әкімдік басқармаларының және кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысты.

Облыс прокуратуратурасымен жүргізілген тексерулер қаржылық құжаттарды қолдан жасау жолымен бюджет қаражатын ұрлау, субсидияны заңсыз беру және т.б. көрініс табатын Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау саласындағы жекелеген кемшіліктерді көрсетті.

Нәтижесінде, облыс прокуратурасымен 4 қылмыстық іс тіркелді, оның 3-і сотқа жолданды. Бір іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, прокуратураның ұсынған материалдары бойынша Экономикалық тергеу департаменті және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен 15 қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Облыс прокуратурасы Бас прокуратура арқылы ауыл шаруашылығы министрлігіне субсидиялар төлеу жүзеге асырылатын нормативтік базаны жетілдіру және ақпараттық жүйелерді пысықтау жөнінде ұсыныстар жіберді.

Уәкілетті органмен ұсыныс қолданды.

Осы бағытта жұмыс жалғасуда.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар