Көкшетауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша TEDx форматында кездесу өтті

Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру шеңберінде Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжінде жастар қозғалысы өкілдерінің және аймақ студенттерінің қатысуымен TEDx форматындағы кездесу өтті.

Іс-шарада Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Еркін Рашидов сөз сөйлеп, жас ұрпақтың мемлекет дамуына белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ ол қатысушыларды парасаттылық идеологиясын ілгерілету және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік атмосферасын құру шеңберінде одан әрі бірлескен ынтымақтастыққа шақырды.

Қоғам қайраткері, кәсіпкер, «Әділдік жолы» РҚБ облыстық филиалының жетекшісі Ерлаз Жайықбаев жастарға адал еңбекпен табысқа қалай жетуге болатыны және заңға бағыну мен парасаттылықтың құндылығы туралы айтып берді.

Қазақстан Жазушылар одағы аймақтық филиалының директоры Мерген Тоқсанбай қазақ әдебиетіндегі адалдық пен патриотизмдің жырлануы, сондай-ақ қазақ хандары мен билерінің шешімдерінің әділдігі туралы өз пікірімен бөлісті.

Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері мен заманауи құралдарын талқылап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар мен идеяларды әзірледі.

Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласындағы үздік жобаға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы әлеуметтік желілердегі үздік бейнероликке конкурстардың жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар