2021 жылғы қараша айындағы Ақмола облысының инфляция және қаржы нарығындағы ахуалы туралы

Инфляция, базалық мөлшерлеме және алтын валюта резервтері.

Ақмола облысы Статистика департаментінің ресми деректері бойынша 2021 жылғы қараша айында облыс бойынша тұтыну бағаларының индексі 2020 жылғы желтоқсан айына қарағанда 107,9% құрады, 2020 жылдың осы кезеңінде – 106,3%, республикалық мағынада, тиісінше – 107,8% және 106,5% құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 8,5%-ға, азық-түлік тауарлары – 10,0%-ға, ақылы қызмет көрсету тарифтері 4,6%-ға қымбаттады.

2021 жылғы 26 қазаннан бастап қазіргі уақытқа дейін базалық мөлшерлеме 9,75% құрайды.
Еліміздің алтын валюта резервтері бір айда 0,6%-ға азайды, 90,4 миллиард АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы халықаралық резервтері – 35,5 миллиард АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері – 54,9 миллиард АҚШ долларын құрады.

Облыстың қаржы нарығындағы ахуал.

2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Ақмола облысының банк жүйесінде облыс орталығында және облыс бойынша орналасқан қосымша ғимараттары бар екінші деңгейдегі банктердің 14 филиалы және «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы бар.

Валюта нарығы. 2021 жылдың қараша айында АҚШ долларына теңгенің орташа алынған биржалық айырбастау бағамы 429,82 теңгені, еуроға – 491,15 теңгені, ресей рубліне – 5,92 теңгені құрады.
2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Ақмола облысында 67 айырбастау пункті, оның ішінде: 53 – банк филиалдарының, 10 уәкілетті ұйымның 14 айырбастау пункті (оның ішінде «Казпошта» АҚ-ның – 4) жұмыс істейді.

2021 жылғы қараша айында облыстағы айырбастау пункттері 14,3 миллион АҚШ долларын, 2,3 миллион еуро және 770,9 миллион ресей рублін сатты. 2020 жылғы қараша айында – 10,7 миллион АҚШ доллары, 1,4 миллион еуро және 563,9 миллион ресей рублі сатылды.

Депозит нарығы. 2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банктердегі депозиттердің жалпы көлемі 238,9 миллиард теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,5%-ға ұлғайды, өткен аймен салыстырғанда 2,6%-ға өсті.

Депозиттердің жалпы көлеміндегі теңгемен салынған депозиттердің үлесі 81,9% құрайды.
Теңгемен салынған депозиттер бойынша орташа өлшемді пайыздық мөлшерлеме – 7,59%, шетел валютасы бойынша – 0,85% болып қалыптасты.

Облыс халқының жан басына шаққанда депозиттердің орташа мөлшері 2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 324,5 мың теңгені құрады.

Кредит нарығы. 2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша экономикаға салынған кредиттік салымдардың жалпы көлемі 295,6 миллиард теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2020 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 23,4%-ға өсті, өткен аймен салыстырғанда 0,7%-ға азайды (2021 жылғы 1 қарашаға – 297,7 миллиард теңге).

2021 жылғы қараша айында облыс банктерімен сомасы 22,9 миллиард теңгеге кредит берілді, бұл көрсеткіш 2021 жылғы қазан айымен салыстырғанда 3,0% азайды.

2021 жылғы қараша айында теңгемен берілген кредиттер бойынша орташа салмақтанған пайыздық мөлшерлеме – 16,8%-ды құрады.
2021 жылғы қарашада теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 98,0% құрады.

Тұтынушылық кредиттер. Банктердің тұтынушылық кредиттері бойынша облыс халқының берешегі 111,7 миллиард теңгені құрады. 2021 жылғы қараша айында халыққа берілген тұтынушылық кредиттердің мөлшері 2021 жылғы қазан айымен салыстырғанда 8,5%-ға өсіп, 11 778,0 миллион теңгені құрады.

Ипотекалық кредиттер. Банктердің ипотекалық кредиттері бойынша облыс халқының берешек сомасы 86,6 миллиард теңгені құрады. 2021 жылғы қараша айында берілген ипотекалық кредиттердің мөлшері 3 838,0 миллион теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы қазан айымен салыстырғанда 16,7% немесе 768,1 миллион теңгеге азайды.

Банктердің облыстың шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары. Банктердің облыстағы шағын кәсіпкерлік саласына салған кредиттік салымдары 2021 жылғы 1 желтоқсанға 50,5 миллиард теңгені құрады. 2021 жылғы қараша айында 4 543,0 миллион теңге мөлшерінде кредит берілді. Бұл көрсеткіш 2021 жылғы қазан айымен салыстырғанда 9,9%-ға өсті (2021 жылғы қазанда – 4 135,4 миллион теңге берілді). 2021 жылғы қазанда орташа салмақтанған сыйақы мөлшерлемесі 16,1% құрады.

Төлем карточкалар нарығы.

Облыс бойынша айналымдағы төлем карталарының саны 2021 жылғы 1 желтоқсанға 1 377,0 мың бірлікті құрады (алдыңғы аймен салыстырғанда 0,7%-ға өсті), бұл республикалық көлемнің 2,4% құрайды.

2021 жылғы қараша айында төлем карточкаларын пайдалана отырып, жасалған транзакциялар көлемі 139 550,5 миллион теңгені құрады (өткен аймен салыстырғанда 0,4%-ға өсті). Транзакциялар саны 9 093,4 мың транзакцияны құрап, 2,3%-ға азайды. Қолма-қол ақшасыз төлемдер саны 2,0% азайып, 8 381,3 мың транзакцияны құрады, сомасы 1,4%-ға өсті (мөлшері 94 388,7 миллион теңгені құрады). Қолма-қол ақша алу бойынша операциялар 5,3%-ға дейін азайды (транзакциялар саны 712,1 транзакцияны құрады), сомасы 1,6%-ға азайды (мөлшері 45 161,8 мың теңгені құрады).

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша төлем карточкаларға қызмет көрсету желісі жалпы өңір бойынша мына түрде ұсынылған: 13 041 POS-терминал, 397 банкомат, 5 677 кәсіпкер; 9 109 сауда нүктелері.

Ұлттық Банкі Ақмола филиалының ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар