Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 5-ші қаңтарында сағат 11:00 шамасында Зеренді ауданының Викторовка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шыққан.
«Өрт бөлған үйде көп балалы отбасы тұрды. Отағасы астанада жұмыс істейді. Үйде 34 жастағы Ирина мен оның бес баласы қалды. Өрт шыққан кезде әйел балаларымен бірге далаға жүгіріп шықты», деді ведомстводан.
Осы уақытта әкімшілік учаскені аралап жүрген Зеренді АПБ учаскелік инспекторлары, полиция капитаны Ардақ Нұрмұқанов пен майор Ризабек Қуанышбаев далада жүрген әйел мен балаларын көріп, көмекке келді.
Тәртіп сақшылары жанып жатқан үйдің ішінен газ баллонын сыртқа алып шықты да, өрт сөндірушілер келгенше өздері өртті ауыздықтауға кірісті. Үйдің кіреберіс қабырға, есік және төбесі жанып кетті. Бірақ полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында олар өрттің одан әрі таралуын тоқтатып, өрт ошағын оқшаулай алды.