Щучинск қаласында медицина қызметкерлері үшін тұрғын үй салынады

Бурабай ауданы әкімдігінің мәліметінше, 2021 жылы Щучинск қаласында Қанай-би және Геологическая көшелерінің бойында, Қатаркөл кентіне шығатын айналма жол аумағында 45 пәтерлі үш тұрғын үйдің құрылысы басталды. Аталмыш тұрғын үй медицина қызметкерлеріне арналған және онда 1,2 және 3 бөлмелі пәтерлер қарастырылған.

Сонымен бірге, үй ауласында балалар алаңы мен автотұрақ салу жоспарланған. «Пәтер кезегінде тұрғандар мен халықтың әлеуметтік осал топтарын «Бақытты отбасы» тәрізді мемлекеттік бағдарламалар арқылы баспанамен қамту жоспарланған. Бұл пәтерлердің бір бөлігі «Отбасы банктің» кезекте тұрған салымшыларына беріледі. Бұл тұрғын үйлердің алғашқысын 2022 жылдың 4-тоқсанында тапсырылады.

Бүгінгі таңда 5 қабатты бес тұрғын үйді жобалау аяқталды, қаржыландыруға өтінім берілді, тағы бес үй жобалау сатысында тұр. Сондай-ақ, 9 қабатты үш үй сараптама кезеңінен өтеді. Осы 13 тұрғын үйдің барлығы Заречный шағын ауданда салынады.

«Жақын арада медицина қызметкерлеріне арналған тұрғын үйдің құрылысы басталады, осы жоба бойынша келісім жасалды», – деді аудан әкімдігінен.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар