Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Газ баллондарын пайдалануға бақылау күшейтілмекші - АРҚА АЖАРЫ

Газ баллондарын пайдалануға бақылау күшейтілмекші

Өкінішке орай, облыс орталығындағы көп қабатты үйлердің пәтерлерінде әлі газ баллондарын пайдаланып отырғандар көп. Оның қауіпті екені баршаға мәлім. Қала әкімі Бауыржан Ғайсаның төрағалығымен өткен дөңгелек үстел мәжілісінде Көкшетау қаласын газбен қамту мәселесі талқыланды.

Бүгінгі таңда қалада орталық газ жүйесіне 285 көп қабатты үй қосылған. Бұл – 14 620 пәтер. Ал, басқа үйлердің тұрғындары амалсыз жоғарғы қабаттарға баллон шығарып, соның отымен ас-суын дайындауда. Олай істеудің қауіпті екенін де баршасы біледі. Алайда, басқа амал жоқ.

Дөңгелек үстел жиынына Көкшетау қаласының прокуроры, «Атамекен» республикалық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалы, жергілікті атқарушы билік өкілдері, кәсіпкерлер қатысты. Әрине, көтерілген басты мәселе облыс орталығы тұрғындарының қауіпсіздігі. Бірақ, оны бір күнде шеше қою тағы мүмкін емес. Сондықтан, алдымен әрбір көп қабатты үйді белгілі бір газ тасымалдаушыға бекіту қажет. Қай тасымалдаушыға бекітілуді әр үйдің кеңес мүшелері, пәтерлер иелерінің өздері шешуге тиіс. Бұл бастама көп қабатты үйге кіргізілетін әрбір баллонның тексеріп, пайдалануға рұқсат етілген белгісін көрсетіп, қадағалауға мүмкіндік береді. Демек, сол газ тасымалдаушы баллонның қауіпсіздігіне жауап беретін болады. Әйтпесе, газ баллонын әркім әр жерде толтырып жүр. Төтенше жағдай орын алғанда кім кінәлі екенін анықтау да мүмкін емес. Жауап бермейтін болған соң газ құйып беруші мұқият тексермейді де. Оның салдары айтпаса да түсінікті.

Жиында көтерілген екінші мәселе көп қабатты үйлер аулаларындағы газгольдерлерді жекешелендіру, коммуналдық газгольдерлерді мүліктік жалға беру болды. Газдандыру саласы бойынша кеңес құрылды.

Осылайша тұрғындар қауіпсіздігі үшін әр баллон қадағаланатын болды. Мәселе осылай шешіле ме, әлде сол күйінде қала ма, уақыт көрсетеді. Одан арғы жұмыстар да ойласа атқарылмақ.

Серік Сапарұлы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар