Бүгін 12-ші ақпан күні сағат 10:15-те Ақкөл қаласының кезекші пультіне жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы телефон хабары түсті.
«Өртті сөндіруге ТЖБ жеке құрамынан 7 адам және 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Анықталғандай, тұрғын үйде газ баллоны жарылып, салдарынан 3 адам жеңіл дәрежелі термиялық күйік алды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, олардың бірі ауруханаға жатқызуды қажет етпегендіктен үйіне жіберілді», — деді ведомстводан.
Қызыл жалын 7 шаршы метрді аумақты шарпыды. Өрт 10:24 оқшауланып, 10:29 сөндірілді. Алдын ала анықталғандай өрттің шығуына газ баллонын пештің қасында қою себеп болған.
Осы ретте, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.