Ақкөл қаласында газ баллоны жарылып, үш адам ауруханаға жеткізілді

Бүгін 12-ші ақпан күні сағат 10:15-те Ақкөл қаласының кезекші пультіне жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы телефон хабары түсті.

“Өртті сөндіруге  ТЖБ жеке құрамынан 7 адам және 2 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.
Анықталғандай, тұрғын үйде газ баллоны жарылып, салдарынан 3 адам жеңіл дәрежелі термиялық күйік алды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, олардың бірі ауруханаға жатқызуды қажет етпегендіктен үйіне жіберілді”, – деді ведомстводан.

Қызыл жалын 7 шаршы метрді аумақты шарпыды.  Өрт 10:24 оқшауланып, 10:29 сөндірілді. Алдын ала анықталғандай өрттің шығуына газ баллонын пештің қасында қою себеп болған.

Осы ретте, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар