Ақмола облысында IQanat қорынан Edlight Academy қатысуымен алғашқы «Hucuton» IT-camp өтті

IT-бағыт қазіргі уақытта ең сұранысқа ие бағыттардың бірі екені жасырын емес. Жасанды интеллект элементтерін өмірде қолдану күнделікті тапсырмаларды оңтайландыруға және уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Білім басқармасы мен «IQanat» қоғамдық қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес ауыл мектептерінің оқушыларын қолдау мақсатында 11-13 ақпан аралығында Бурабай ауданы Щучинск қаласындағы «Білім-инновация» лицей-интернатында Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының ауыл мектептерінің 9 сынып оқушылары үшін санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, алғаш рет «Hucuton» IT -camp өткізілді.

 

Хакатон-бұл әзірлеушілер форумы, командалар қысқа уақыт ішінде өнімнің прототипін жасауы керек жарыс.
Қатысушылар үш топқа бөлінді: «Ақылды үй», «Чат бот», «Data Science». Екі күн ішінде балалар Arduino платформасының негізінде қозғалыс сенсорларын, есік ашатын сенсорларды, температура мен жарық сенсорларын жалғап, «Ақылды үй» жобасын жасады.

Жеке чат ботын әзірледі – бұл берілген сценарий бойынша кілт сөздерге жауап бере отырып, хат алмасудағы адамға автоматты түрде жауап беретін бағдарлама. Болжау жасау үшін деректерді талдауды үйренді. Ал, болжамдар жасау нақты қандай мәселені шешу керек екендігіне байланысты.

Жаңа білім мен дағдылардан басқа балалар жаңа достар тауып, бірін-бірі қимай қоштасты. Барлық балаларға қатысушы сертификаттары берілді, ең озық «хакерлер» дипломдардың иегері атанды, ал ең бастысы – хакатонға қатысушыларға жобалармен одан әрі жұмыс істеу бойынша онлайн қолдау көрсетіледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар