Өтініштерімен партиядан қолдау күтуде

«Nur Otan» партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына қашанда әділдік іздеп, қолдауды қажет ететін азаматтар жүгінеді. Осы жолы Ақмола облысы әкімінің орынбасары Елдос Рамазановтың қабылдауына еңбекақысын ала алмай жүргендер мен Семей полигонындағы жарылыстардың салдарын жоюға қатысқанымен, бүгінде мемлекет тарапынан қолдауға ілікпей қалғандар келді.

Мәселен, бүгінде Бурабай ауданы Щучинск қаласында Семей полигонының зардаптарын жоюға қатысқан 4 азамат тұрады. Қабылдауға келген  Бекболат Сәдуов пен Владимир Зинченко өздерін Чернобыль апатына қатысқандармен теңестіріп, материалдық көмек берілулеріне, атаулы даталарда ескеріліп, ынталандыруға ілігулеріне өтініштерін білдірді. Елдос Рамазанов олардың істері сол кездегі ерлікпен тең екендігін атап өтіп, азаматтарды алаламау керектігін айтты және облыс аумағынанСемей полигонын жоюға қатысқандардың нақты санын анықтау қажеттігін тапсырды. Сонымен бірге, Бурабай ауданының әкімдігіне атаулы даталарда мұндай азаматтарға бір реттік материалдық көмек көрсетулеріне тапсырма берді. Белгілі болғанындай, қолдаудың бұл түрі аудандық әкімдік тарапынан ережеге сәйкес 9 мамырда көрсетіледі деп жоспарланып отыр.

Еңбек келісімшарты бұзылған жағдайда кімге, қалай шағымданатынын білмейтіндер «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауына жазылуды жөн көреді. Осы жолы да құқықтары бұзылып, «Холдинг Казэкспортастық» акционерлік қоғамынан еңбекақыларын ала алмай жүргендер келді. Оның бірі 13 әріптесінің атынан келіп отырған Арман Бейсенбаев.Ол әкімнің орынбасарынан компаниядан өз еңбекақыларын алып беруге көмек көрсетуді сұрады. Әрине, мұның бәрі заң жүзінде шешілуі тиіс. Сондықтан, қоғамдық қабылдауға арнайы еңбек инспекциясының маманы шақыртылды. Анық болғанындай, жұмыс беруші компания Нұр-Сұлтан қаласында тіркелген екен. Сондықтан,  Елордадағы жеке сот орындаушыларына осы мәселені ерекше бақылауға алып, заңда белгіленген мерзімде жалақы төлеуге жәрдем көрсету туралы хат жолданатын болды.

Дәл осындай мәселемен Біржан сал ауданы Степняк қаласының тұрғындары келді. Олар 9 бірдей адамның «Бурабай Астық» серіктестігінен еңбекақыларын ала алмай жүргендерін алға тартты. Осының бәрі еңбек келісім-шартына немқұрайлылық танытудың салдарынан орын алып отырған жағдайлар екенін атап өтпеске болмас. Елдос Рамазанов Біржан сал ауданының «Бурабай Астық» серіктестігіне жуық арада жоспардан тыс тексеріс жүргізуге бастамашылық танытты.

Бибінұр ӘМІРХАНҚЫЗЫ,

«Nur Otan» партиясы

 облыстық филиалының

баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар