Ағымдағы жылдың шілде айына дейін коммуналдық төлемдер бағасы өспейді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Ақмола облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Азамат Сабыржан облыста коммуналдық төлемдердің негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар туралы хабарлама жасап, ағымдағы жылдың шілде айына дейін коммуналдық төлемдер бағасының өспейтінін, бүгінгі деңгейде сақталатынын мәлімдеді.

Департамент коммуналдық қызметтер үшін төлемақының өсуін тежеу мақсатында бірқатар шараларды жүзеге асырған. Мәселен, 2021 жылы 69 субъект бойынша 2020 жылға арналған тарифтік сметалардың орындалуы туралы 146 есеп тыңдалған. Тарифтік сметалардың шығын баптарын орындамағаны үшін табиғи  монополиялардың 24 субъектісіне 36 қызмет түрі бойынша жалпы сомасы 1024, 48 миллион теңгеге уақытша өтемдік тарифтер бекітілген. 2021 жылы департамент инвестициялық бағдарламаларды орындауды талдау қорытындысы бойынша қызметтердің тоғыз түрі бойынша сегіз табиғи монополия субъектісіне  жалпы сомасы 1 106,45 миллион теңгеге кақытша өтемдік тарифтер бекіткен. Сондай-ақ, 2021 жылы 30 табиғи монополия субъектісінен 53 реттелетін қызмет бойынша өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша тарифтер деңгейлерінің жобаларын орта есеппен 23, 09 пайызға немесе 4,9 миллард теңгеге төмендету есебінен тарифтерді ұстап тұруға қол жеткізген.2021 жылы департамент 75 әкімшілік іс қозғаған, оның ішінде тексеру қорытындысы бойынша 3 әкімшілік іс жүргізілген. Департамент мемлекеттік қызметтерді тек электронды түрде көрсетеді. 2021 жылдың осы мерзіміне дейін 41 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Брифингте Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын арттыруға және тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылауды күшейтуге бағытталған «Табиғи монополиялар туралы» жаңа заң қабылданғаны жеткізіліп, осы заң талаптары баян етілді.

–Департамент жұмысы туралы ақпарат facebook әлеуметтік желісіндегі менің жеке парақшамда және департаменттің ресми парақшасында үнемі жарияланып тұрады, – деген Азамат Мәуленұлы ведомствода жариялылық пен ашықтықтың қалай жүзеге асып жатқандығы, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде жарияланған мақалалар жөнінде айтып берді.

Серік Сапарұлы,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік Ескенов.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар