Бізде техникалық мамандар даярланады

Щучинск қаласындағы жоғары техникалық колледжібастапқыда Щучинск тау-кен металлургиялық техникумы болып қалыптасқан Қазақстанның көне оқу орындарының бірі. Колледж тарихы сонау 1934 жылдан басталады. 2018 жылы жоғары колледж бен индустрия, туризм және сервис колледжін біріктіріп, қайта құру нәтижесіндеоқу орнының жаңа тарихы бастау алды. Қазіргі уақытта жоғары техникалық колледж атауына ие болған оқу орнының басты міндеті инновациялық бәсекеге қабілетті, ел экономикасын құру міндеттеріне біліктіліктері сәйкес келетін мамандар даярлау болып табылады.

Еңбек нарығын қамтамасыз ету, олардың тиімді жұмысқа орналасуын, әлеуметтік бірлік пен Қазақстандық қоғамның өркендеуін қамтамасыз ету мүддесінде үздіксіз кәсіби және жеке өсуін қамтамасыз ету. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде сөз сөйлегенде, гуманитарлық бағыттан гөрі, техникалық бағытқа көңіл аударуды қадап айтты. Біздің колледж осы жүктелген міндетті орындауда, әрі алдағы уақытта бұл бағыттағы мақсат-міндеттерді одан сайын жетілдіріп, жандандыра түседі деген ойдамын. Расында, бүгінде елімізде білікті инженерлік-техникалық мамандықтар иелері санаулы әрі қазіргі уақыттың талабына сай барлық құрал-жабдықтарға цифрлық бағдарламалар қондырылған. Сондықтан, бүгінгі талапқа сай мамандарды даярлау техникалық колледждердің басты мәселесіне айналуы тиіс.

Бүгінгі таңда біздің колледж бағдарламалық қамтамасыз ету,электромеханикалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану, тау-кен электромеханикалық жабдықтарына техникалық қызмет көрсету, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану,радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, есеп және аудит, тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру,кәсіптік оқыту (салалар бойынша), қонақ үй бизнесі,дәнекерлеу ісі, интерьер дизайны,шаштараз өнері, туризммамандықтары бойынша білім береді. Қазіргі уақытта білім ордасында 1 мыңнан астам студент оқуда. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Оқытудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету және студенттердің танымдық қызметін арттыру мақсатында оқу процесінде оқытушылар оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын белсенді қолданады. Бүгінде модульдік-құзыреттілік тәсілдемесі енгізіліп, білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу жүзеге асырылды, мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары әзірленді.

2020-2021 оқу жылында колледжде алғаш рет «тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқитын студенттерге демонстрациялық емтихан форматында мемлекеттік қорытынды аттестаттау өткізілді.      Колледждің педагогикалық ұжымына өз еңбегінің нәтижесін тәуелсіз бағалау арқылы түсіну және сезіну әрқашан қызықты.

Оқу-материалдық базаны жаңарту – оқыту сапасын арттырудың басты шарты. Сондықтан, әртүрлімамандықтар үшін заманауи оқу-өндірістік және технологиялық жабдықтарды сатып алу біздің колледж үшін басты міндет болып отыр. Қазіргі уақытта колледжде 18 компьютерлік аудитория, 18 интерактивті жабдықтар жиынтығы, 1 мультимедиалық және 1 лингафондық кабинет, тамақтандыруды ұйымдастыру технологиясы, жаңартылатын энергия көздері, жылу-техникалық және жарық-техникалық өлшеу, байланыс құралдары зертханалары, шаштараз шеберханасы, 50 орындық кітапхана, мамандандырылған тир, 260 орындық жатақхана мен асхана бар.

Қазақстанның коммуникативтік-ақпараттық жағдайларында техникалық және кәсіптік білім беруді насихаттау, жоғары техникалық колледж түлектерінің бәсекеге қабілеттілігі мен сұранысын қамтамасыз ететін озық технологияларға негізделген жаңа тәжірибені қалыптастыру және дамыту мақсатында «Жас Маман» жобасына қатысуға іріктеу өтті.

Жобаға колледж «Электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу»,  «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандықтары бойынша қатысты. Жобаны іске асыру барысында тамақ дайындау зертханасы құрылды, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу зертханасы жаңғыртылды, электр монтаждау шеберханасыжаңа жабдықтармен жарақтандырылды. Тамақтандыруды ұйымдастыру мамандығы бойынша құзыреттілік орталығы, «Наубайхана ісі», «Мейрамханалық сервис», «Аспаз ісі» құзыреттері құрылды.

Колледжде 115 инженер-педагог қызметкер бар, олардың ішінде 81-і оқытушы, 34-і өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді. Кәсіби шеберлікті арттыру, тәжірибені жинақтау, жаңа педагогикалық технологиялар мен студенттермен жұмыс істеудің жаңа түрлерінің мүмкіндіктерін көрсету мақсатында колледж оқытушылары түрлі деңгейдегі байқауларға, семинарларға, конференцияларға белсенді қатысады.

Колледждегіоқуүдерісібілім беру бағдарламаларысапасыныңеңжоғарыдеңгейінеқолжеткізугеықпалетіпқанақоймай, кәсіби, зияткерлікжәнеәлеуметтікшығармашылыққақабілеттіазаматтарды ел патриоты ретіндеқалыптастыру, оларды дамыту, жәнеәлеуметтендіру үшіноңтайлыжағдайларжасап қойған. 2021 жылы «21 ғасыр студенттері мен оқушыларының интеллектісі: мүмкіндіктер менмүмкіншіліктерді  іске асыру» V Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында колледж студенті Л.Мельникова «Үздік жоба» аталымын жеңіп алып, дипломмен марапатталды, жетекшісі – құқық негіздері оқытушысы Э.Турищева. «Дела Рук-2021» халықаралық ас-үй жастары фестивалінде колледж студенті Е.ТихоноваАрт сыныбында «Шоколад» композициясы бойынша 3 орынды иеленді.Колледж студенттері жыл сайынғы «Мен кәсіпкермін» облыстық байқауына белсене қатысып, бірнеше рет жүлделі орындарға ие болды. 2021 жыл да ерекшеліктерімен есімізде қалды. «WorldSkills» кәсіби шеберлік чемпионаттары мансаптық тәлімгерліктің және мамандықтардың беделін арттырудың белсенді құралы болып табылады.Жоғары техникалық колледжі 2015 жылдан бастап жыл сайын құзыреттер санын ұлғайта отырып, «WorldSkills» қозғалысына белсенді қатысуда. Бүгінгі таңда колледж студенттері 12 құзыреттілік, атап айтқанда «желілік және жүйелік әкімшілендіру», «Wеb желілік және жүйелік әкімшілендіру», «дизайн және әзірлеу», «Қонақ үй әкімшілігі», «Нан пісіру шеберлігі», «Кондитерлік кәсіп», «Мейрамхана ісі», «Аспаз ісі», «Қажетті Графикалық дизайн», «Бизнеске арналған IT шешімдер», «Шаштараз ісі», «Дәнекерлеу ісі», «Электрмонтаждау ісі»бақ сынады.     Егер 2019 жылғы чемпионат нәтижесінде колледжде 4 бірінші және 4 үшінші орын болса, 2021 жылы «WorldSkills Aqmola-2021» VI өңірлік чемпионатында колледж қоржынына 5 бірінші, 1 екінші, 3 үшінші, 1 алтыншы және 1 жетінші орындар түсті. VI  Республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында «Бизнеске арналған IT шешімдер» бойынша О.Аманбек  «Үздік маман» аталымына ие болды. Бұл бүкіл оқу орны жұмысының жақсы көрсеткіштері және болашақ жеңістерге тамаша негіз болады деп сенеміз. Біз түлектеріміздің жаңа өзгерістерге дайын болғанын және заманауи әлемнің жаңа жағдайларына бейімделгенін қалаймыз.

Жыл сайын колледж жүздеген жас және  білікті мамандарды даярлайды. 2020-2021 оқу жылында колледжден 315 студент түлеп ұшты. Техникалық және кәсіптік білім беру сапасын бағалаудың негізгі критерийі оның түлектерін жұмысқа орналастырудың табыстылығы болып табылады. Оқуды аяқтағаннан кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі өткен оқу жылында 75 пайызды құрады, ал, жалпы жұмыспен қамтылу-97 пайыз.

87 жыл ішінде білім беру қызметтері нарығында колледж 25 мыңнан астам маман даярлап шығарыпты. Біздің түлектер кәсіби қызметте жетістікке жетуге көмектесетін баға жетпес білім мен дағдылардың иегерлері.Жұмыс істеп келе жатқан жылдары колледж үлкен нәтижелерге қол жеткізді, көптеген шыңдарды бағындырды. Ал алда бізді жаңа белестер мен мүмкіндіктер күтіп тұр.

Шоқан ОРАЗАЛИН,

Щучинск қаласындағы

жоғары техникалық

колледжінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар