Ақмола облысында бір жарым мыңнан астам мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды

Бұл туралы бүгін Ақмола облысы ӨКҚ алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілерді тұрақты оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Оқу процесін ұйымдастыру барысында оқытудың жаңа белсенді формалары мен әдістері қолданылады. 2021 жылы облыста 1556 мемлекеттік қызметші оқытылды.

Спикер сынақ мерзімінен өту және тәлімгерлік мәселелеріне толығырақ тоқталды. Мысалы, мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған 197 адам тәлімгерлікпен қамтылды, 121 адам сынақ мерзімінен сәтті өтті.

Кадрларды іріктеу бойынша жұмыс нәтижелері айтылды.

«Өткен жылы жергілікті атқарушы органдарда бос мемлекеттік лауазымдарға орналасуға 644 конкурс өткізіліп, оған 1011 адам қатысты. Оның 442-сі қызметке тағайындалды. Сонымен қатар, жоғары лауазымдарға тағайындалған мемлекеттік қызметшілер санының өсуі байқалады» – деп мәлімдеді Б.Беспалинов.

Таза ауысым деңгейінің төмендеуі, бірінші жылда жұмыстан босатылған адамдардың болмауы, сондай-ақ бір мемлекеттік органда үш жылдан астам жұмыс өтілі бар мемлекеттік қызметшілер санының көрсеткіші өңірдегі мемлекеттік аппарат тұрақтылығының айғағы болып табылады.

Қорытындылай келе, бүгінгі таңда жастарды мемлекеттік қызметке тартуға ерекше көңіл бөлінетіні атап өтілді, өйткені дәл осы жастар мемлекеттік қызмет жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізуге қабілетті. Қазіргі уақытта жоғары сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдарлау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жұмыс істейді. Бос орындар жәрмеңкелері үнемі өткізіліп тұрады.

Жазира Тоқтар, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар