Біздің веб-сайт жұмысты жақсарту және жарнамаларды көрсету үшін cookie файлдарын пайдаланады (бар болса). Біздің веб-сайтта Google AdSense, Google Analytics, Youtube сияқты үшінші тараптардың cookie файлдары болуы мүмкін. Веб-сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға келісесіз. Біз Құпиялылық саясатымызды жаңарттық. Біздің Құпиялылық саясатымызды тексеру үшін түймені басыңыз.

«Біз – ананың гүліміз»

Облыс орталығындағы «Қуаныш» бөбекжайының №3 «Бүлдіршін» тобында 8 наурыз –Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай өткізілген «Ананың біз гүліміз»  атты ертеңгілік ата-аналар қауымының көңілінен шықты.  

Топ тәрбиешілері  А.Ескендірова мен  А.Оспановаға бүлдіршіндерімізді осы ертеңгілікке дайындап, әсерлі етіп ұйымдастырғандары үшін алғысымыз шексіз. Ертеңгілік бүлдіршіндердің «Алтын балық» ертегісін сомдаған  тартымды көрінісімен басталды. Кеш барысында ер балалар музыкалық аспапта орындаудың шеберлігін көрініс арқылы көрсетіп, көрермендерді ерекше әсерге  бөледі. Балалар әсем әндер орындап,  би билеп, мәнерлеп өлең оқып, ата-аналарын таң калдырды. Коронавирус пандемиясының шектеулері салдарынан сақтық шараларын орындау мақсатында екі жылдан астам уақыт мұндай іс-шараларды тамашалай  алмаған ата-аналар балапандардың өнерлеріне сүйсініп, тарқағысы келмегені сезілді.

Балалар – біздің болашағымыз.  Бүгінгі өнерлі бүлдіршіндердің беталысы болашағымыздың жарқын болатынына сенім ұялатады.

«Қуаныш» бөбекжайының «Бүлдіршін» тобының  ата-аналары.

Көкшетау қаласы.

Loading

By Арқа ажары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар