Үкіметте азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Бақыт Сұлтанов ӘМАТ бағасы және азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жиын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жыл басында берген тапсырмаларды іске асыру аясында өтті. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, азық-түлік қауіпсіздігі және монополияға қарсы әрекет ету мәселелері қаралды. Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2% – ға өсті. Оның ішінде қырыққабат 1,6%-ға, қант 0,6%-ға және картоп 0,5%-ға қымбаттаған. Өңірлер арасында бір апта ішінде бағаның ең жоғары өсуі Маңғыстау облысында тіркелді, онда баға 0,8%-ға, Қостанай және Қызылорда облыстарында 0,4%-ға көтерілгені байқалды.

 

Премьер-Министрдің орынбасары аталған өңірлердегі әкімдіктердің жұмысын сынға алып, азық-түліктің әрбір атауы бойынша бағаны бақылауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, сауда субъектілерінің рұқсат етілген сауда үстемесін сақтауын бақылау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуді тапсырды. Кеңес барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бәсекелестікке қарсы келісілген әрекетпен ӘМАТ бағасын көтеру бойынша және Маңғыстау, Алматы облыстарында тыңайтқыш өндіруге қатысты жұмыс жалғасып жатқанын хабарлады.

 

Сонымен қатар Ақмола облысында нан өндірушіге және Жамбыл облысында қант зауытына қатысты 2 тергеу аяқталды. Бұған дейін жасалған 8 хабарламаға сәйкес өнім бағасы (Қостанай облысында – 5 және СҚО – 3) төмендетілді. Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуға жол бермеу жөніндегі монополияға қарсы комплаенстің 7 актісі жасалды. ӘМАТ сауда үстемесін 15-тен 10%-ға дейін төмендетілді. Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов тиісті шаралар қабылдай отырып, баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысын күшейтуді тапсырды.

 

Түркістан облысының әкімдігіне СИМ және АШМ-мен бірлесіп, өңірлерге ерте пісетін көкөністерді, соның ішінде қырыққабатты жеткізуді тапсырды. Айта кетейік, Түркістан облысының 1200-ден астам тауар өндірушілері қырыққабат, картоп, сәбіз және пияздан өнім беруді жоспарлап отыр.

 272 Total Views,  2 Views Today

By admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар