Наурыз мейрамы қарсаңында Ақмола облысында 1000-нан астам мерекелік іс-шара өтеді

Мерекелік онкүндікте ақмолалықтар көне салт-дәстүрлердің тарихи реконструкциясын, “Наурыз көже” , отбасылық ансамбльдер, ұлттық аспаптар, т.б.фестивалдері, “Келіндер”, “Әжелер” байқаулары, қайырымдылық көшпелі концерттер, акциялар, балалар шығармашылығы, “Бата” байқаулары, ұлттық тағамдар, ою-өрнектер, ұлттық киімдер челлендждері 13-23 наурыз аралығында өтуі жоспарланған.

Наурыз мейрамын тойлаудың он күндігі 13 наурыз күні «РИО» СОО-да интерактивті мерекелік бағдарламамен ашылды.

Бағдарламаға Облыстық «Көкшетау» мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары қатысты: «Кербез сұлу» халықтық фольклорлық ансамблі (жетекшісі Дәурен Біржанов), «Көркемтау» домбырашылар ансамблі (жет. Қайрат Нұрмұқанов), халықтық ардагерлер хорының вокалдық тобы (жет. Светлана Пушкина), «Шамшырақ» эстрадалық вокал студиясының солистері Дильназ Маликова және Арай Негимеджанова (жет. Марина Даутова), «Шалқыма» халықтық би ансамблі (жет. Айдана Батталова), вокалдық квартет (жет. ҚР еңбек сіңірген әртісі Бисара Макенова), саксофоншы Вадим Белый, дәстүрлі әнші Төлеген Аманов.

Сауда орталық келушілері, қызметкерлеріне мерекелік көңіл күймен қатар қазақтың ұлттық тағамы-бауырсақ таратылды.

Ақмола облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар