Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«АMANAT»-тың елге шыққан алғашқы сапары - АРҚА АЖАРЫ

«АMANAT»-тың елге шыққан алғашқы сапары

«AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі еліміздің шалғай орналасқан ауылды елді-мекеніндерінде мобильді  қоғамдық қабылдау жүргізуді бастады.

Тың бастама аясында бүгін Ақмола облысының 5 ауданы, атап  айтсақ Атбасар, Жақсы, Есіл, Біржан сал мен Қорғалжын аудандарының шеткері орналасқан қарапайым ауыл тұрғындары мемлекеттік ұйымдардың басшылары мен облыстық және аудандық мәслихат депутаттарына, партияның республикалық және облыстық қоғамдық қабылдау бөлмелеріне өтініштерін тікелей жеткізу мүмкіндігіне ие болды.

Мәселен, Гүлжанат Енглисова жас маман ретінде Атбасар ауданының Новосельское ауылының мектебіне мұғалім болып жұмысқа тұрған.  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме ақыға былтыр күзде өтініш бергенімен, әлі де мақұлданбаған.

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауына жазылып, өз өтінішімді жеткіздім. Қолдау көрсетеді деп сенемін. Жалпы, өз басым партияның шалғай ауылды елді-мекендерге келіп, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысып, мұң-мұқтажын тыңдап келіп отырғанына қатты қуанып отырмын. Бұл дегеніміз партияның халыққа жақындай түскенін көрсетеді. Өз басым партияға сенемін. Жаңғыру жолына түскенін іс жүзінде көріп отырмын. Осы бағытта жұмыстарын жалғастырса, ауылдың қарапайым тұрғындарының назы жоғарыға жетіп, оң шешілсе, тіпті жақсы».

Қоғамдық қабылдауға келген ауыл тұрғыны Татьяна Сафонова ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пунктің ыңғайланбаған ғимаратта орналасқанын алға тартып, жаңа нысанды салуды тездетсе деген өтінішін жеткізді. Жергілікті атқарушы билік өкілдерінің айтуынша, жаңа ФАП құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама бүгінде дайын. Тіпті, Республикалық бюджеттен 147 миллион теңге бөлінді, сондықтан, құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айында басталады деп жоспарланып отыр.

Татьяна Сафонова, ауыл тұрғыны: «AMANAT» партиясының мемлекеттік органдардың басшыларымен, мәслихат депутаттарымен кездесулер ұйымдастыра отырып, қарапайым халықтың проблемаларына құлақ асып отырғанына ризамын. Бүгін мен ауылдағы медициналық қамтамасыз етуді жақсарту мәселесін көтердім, нақтырақ айтсам, ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысын тездетсе деген өтінішімді жеткіздім.  2022 жылы ФАП құрылысын бастау жоспарланып отырғанын естіп қуанып қалдым. Шынында да, мұндай кездесулер халыққа өте қажет, бұл жергілікті жердегі көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың елімізді дамытудың жаңа бағыты елдің дамуына жол ашады деп сенемін».

Ауылда сондай-ақ, таза ауыз сумен үздіксіз қамтылу мәселесі өткір тұр. Себебі, 1986 жылы салынған су құбырының бүгінде әбден тозығы жеткен. Салдарынан су құбыры жарылған кезде ауылдықтар ауыз сусыз қалады. Ауыл тұрғыны Евгений Залевский су құбырын жаңарту мәселесі тездетіп шешілсе деген өтінішін арқалап келді. Ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі маманының айтуынша, су құбырын жаңарту  бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын, тек жұмыстар 2023 жылға жоспарланған.

Ауыл тұрғыны Светлана Польдың айтуынша, «AMANAT» партиясына ауыл халқының сенімі мол. Себебі, партиялықтар халықтың өтініштеріне дер кезінде жауап беріп, қолдан келген қолдауларын әрдайым көрсетеді. Мәселен, былтыр мерзімді баспасөзге жазылу бойынша туындаған қаржыландыру мәселесін шешіп, ауыл кітапханасын компьютермен қамтуға қолдау көрсеткен.

Жергілікті ақсақал Хасен Қалменбаев партияның «AMANAT» аталуына қатысты оң пікірін білдіріп, халық қалаулылары мен партияның республикалық және облыстық қабылдау бөлмелерінің шалғай ауылдарда қоғамдық қабылдау өткізуін партияның жаңғыруға бет алып, жұмысын халықпен тығыз байланыс жасай отырып құрса, тек ұтатынын айтты.

5 аудандағы ауылдарда жүргізілген мобильді қоғамдық қабылдауларға барлығы 100-ден аса азамат жазылды. Олар, таза ауыз су, жол, жайылымдық және шабындық жерлердің тапшылығы, көшелерді жарықтандыру, сонымен қатар тозығы жеткен білім беру мен денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын күрделі жөндеуден өткізу сияқты шешімін таппай келе жатқан әлеуметтік  мәселелерді көтерді.

Жалпы, жыл басынан бері Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 1254 адам жүгінген. Оның 58,7 пайызы оң шешімін тапты, 465 немесе 37 пайызы бойынша түсініктемелер берілді, 4 пайызы орындалу үстінде. «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында заңгерлер, медиаторлар және нотариустар 41 қабылдау өткізіп, 86 азаматқа консультативтік көмек көрсетті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар