Заманауи технологиялар – цифрлық дамудың кепілі

Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин облыс әкімі Ермек Маржықпаевпен бірге Көкшетау қаласындағы «Воlashaq saraiy» балалар мен жасөспірімдер сарайын, облыстық полиция департаментінің Жедел басқару орталығы мен «Smart Aqmola» орталығын аралап, цифрлық технологияның жай-жапсарымен танысты.  

Өңірге келген жұмыс сапары барысын «Воlashaq saraiy»-ынан бастаған министр мектеп басшылығымен, ондағы қызметкерлермен және оқушылармен әңгімелесіп, оқу кабинеттерін, жалпы ғимараттың техникалық жабдықталуын аралап көрді. «Воlashaq saraiy»-ының басшысы Айнагүл Балташева министрге жаңа балалар сарайының жұмыс барысын айтып, тәрбиеленушілердің жетістіктерімен бөлісті.

Қазіргі таңда үш мың жас баратын «Воlashaq saraiy»-ында  жүзден астам үйірме жұмыс істейді. Оқушылар мен студенттер спорт, шығармашылық, IT, ғылыми және зияткерлік бағытта білімдерін толықтырып, біліктіліктерін арттырып келеді. Айнагүл Қыдырбайқызының айтуынша, жаңа сарайда жан-жақты даму үшін барлық жағдай жасалған. Әсіресе, спорт блогында жүзу, үстел теннисі, волейбол, футзал, бадминтон, асық ату, еркін күрес, шахмат, самбо, қазақ күресі және дзюдо секциялары жүйелі жұмыс істейді. «Воlashaq saraiy» шығармашылық бөлімінің оқушылары хореография, вокал, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы және театр өнеріне қол жеткізе алады.  Сонымен қатар, фото және бейне түсірілімдер жасай алады. Оған қоса, барлық балаларға тең мүмкіндіктер туғызу мен инклюзивті қоғамды қалыптастыру мақсатында «Bolashaq Saraiy»-да ерекше қажеттіліктері бар жастарға барлық жағдай қарастырылған. Оның ішінде психолог, логопед, дефектолог мамандар сабақ өткізеді. Тағы бір айтарымыз, «STEAM» сарайы да балаларға қызмет көрсетеді. Ол жастардың инженерлік-техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттыруға, техникалық шығармашылыққа деген қажеттілікті қалыптастыруға бағытталған.

– Қазіргі уақытта зертханада жұмыс істейтін студенттерді «STEAM»  бағдарламасына қатыстыру арқылы ондағы негізгі бағыттарға  бейімдеген жөн. Сонда олардың инженерлік идеялары арта түседі. Осылайша олар өз идеяларын механикалық түрде жүзеге асыра алады. Көкшетау қашанда өзінің жақсы экологиясымен танымал. Сондықтан, газ анализаторларын әзірлеуді ұсынамын. Бұл бірлесе жұмыс жасаудың жемісті нәтижесін беретін жоба болуы мүмкін, – деді министр Б.Мусин сарай ұжымымен әңгімелесу барысында.

Одан әрі полиция департаментінің Жедел басқару орталығында болған министрге орталықтың құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі туралы айтылды.

– Қазір таңда Көкшетау қаласында 169 камера орнатылған, оның 144 жылжымалы және 25 тұрақты. 2020 жылы облыс әкімдігінің қолдауымен Жедел басқару орталығы жаңартылды, салықтық компьютерлік техника сатып алынды. «Бұлтты бейнебақылау» жобасы аясында мыңнан астам бейнебақылау камераларын біріктіруге мүмкіндік беретін сарапшы түріндегі жаңа бағдарламалық құралға көштік. Бұл камералар көпқабатты үйлердің кіреберістері мен аулаларына орнатылды, – деді Ақмола облыстық  полиция департаментінің Ақпараттандыру және коммуникациялар басқармасының бастығы Дәулет Шәкенов.

Ақпараттқа қанық болған министр Бағдат Мусин өңірімізде екі мыңға жуық бейнебақылау камерасы орнатылғанын атап өтіп, «Smart city» жобасы аясында Қазақстанның қалаларында 15 аса сезімтал бейнебақылау камерасы орнатылғанын жеткізді. Оған қоса, аналогтық камераларды енді ешкім орнатпайды, сондықтан сандық камералар қажет екенін де айтты. Тағы бір тоқталғаны, құрамдас интеллектуалды бағдарламалық қамтамасыз ету қабығын енгізу қажет. Бұл алға жылжытуды қажет ететін тақырып. Жалпы, монитордың алдында 15 минут болған адамның көзқарасы өзгеріп, кеңейе түседі. Министр бұл  мәселені  аналитикалық жолмен шешуге әбден болатынын да атап өтті.

– Біз электронды платформаға көшудеміз. Жасалып жатқан істердің 90 пайыздан астамы электронды түрде тергелуде. Қазір біз жаңа жоба «Beeline» операторымен жұмыс істеп жатырмыз. Осы арқылы ERDR сим-карталарын береді. Сонымен, жедел-тергеу тобы оқиға орнына барып, Beeline картасын салып, ноутбук арқылы хаттама жасай алады, – деді Дәулет Шәкенов.  Бір айта кетерлігі, жедел басқару орталығы (ЦОУ) заманауи компьютерлік технологиялармен, телекоммуникация және радиобайланыс құралдарымен жабдықталған. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің жұмысын қамтамасыз ету үшін барлығы 17 техникалық жүйе қолданылады. Соңғы екі жылда жергілікті атқарушы органдардың көмегімен 30 сыртқы бейнебақылау камерасы орнатылған. Көкшетау қалалық білім бөлімімен бірлесе отырып, 25 мектеп пен сегіз колледж жеке жұмыс орнына әкелінді. Жыл сайын жедел басқару орталығының техникалық қызметіне облыстық бюджеттен 35 миллион теңге бөлінеді.

Бірыңғай байланыс орталығы мемлекеттік қызметтерді алу бойынша кеңес береді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы Көкшетау қаласының Бірыңғай байланыс орталығының бөлім басшысы Айгүл Төлепованың айтуынша, оператор күніне орта есеппен 120-ға жуық қоңырауды қабылдап алады. Мысалы, 2022 жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша 700 мыңнан астам қоңырау келіп түскен. Орташа қоңырау шалу уақыты 20 секундты құраған.

– Бірыңғай байланыс орталығының қызметтері жеке және заңды тұлғаларға үзіліссіз, демалыс және мереке күндері сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін, ал, 21:00-ден 09:00-ге дейін автоматтандырылған құралдармен, яғни, чаттарға дауыстық хабарлама қалдыру арқылы көрсетіледі. Бүгінде мұнда 49 оператор жұмыс істейді, оның жетеуі бейне көмекші, – деді Айгүл Төлепова.

Операторлармен сөйлескен министр қағаз түріндегі құжаттарды қысқарту қажеттігін атап өтті:

– Ел Президенті қағаз түріндегі құжаттарды қысқартуды тапсырды. Қоңырау түскенде, сізде адамның жеке басын куәландыратын құжаты бар болады. Сол арқылы, өтінішті ХҚО-ның интеграцияланған ақпараттық жүйесінде беруге болады. Біз сұралатын құжаттардың санын барынша азайтуымыз керек. Сондай-ақ, адамнан кері байланыс болуы өте маңызды. Операторлар кері қоңырау шалуы керек. Осылайша Бірыңғай байланыс орталығының жұмыс сапасы артады, – деп атап көрсетті Б.Мусин.

Қазіргі уақытта бірыңғай байланыс орталығында «Виртуалды ХҚО» пилоттық жобасы іске қосылды. Осы ХҚО мобильді қосымшасы арқылы сұранысқа ие 101 мемлекеттік қызмет бойынша қызмет көрсететін алты оператор жұмысқа тартылған. Мәселен, қаңтар оқиғасы кезінде бірыңғай байланыс орталығы негізінде Ішкі істер министрлігімен бірлесе отырып, зардап шеккендер мен хабар-ошарсыз кеткендер туралы азаматтарды ақпаратпен қамтамасыз ету үшін тікелей желі ұйымдастырылды. Кеңес беруге барлық операторлар тартылған, адам өміріне қауіп төнген барлық өтініштер дереу ішкі істер органдарының кезекші бөлімшелеріне жолданған. Сонымен қатар, орталық базасында барлық мұқтаж жандарға психологиялық көмек көрсету үшін сенім телефоны құрылған.

«Smart Aqmola» орталығында министр Б.Мусин облыстың цифрландыру жөніндегі бірыңғай операторының жұмысымен танысты. Цифрландыру және мұрағат басқармасының басшысы Бауыржан Рапиковтың айтуынша, биылғы жылдың басынан бері «Smart Aqmola» базасында өңірде тұрғындар өтініш білдіретін «iKomek-109» ақпараттық-анықтамалық қызметі тәулік бойы іске қосылған. Барлық өмірлік мәселелер, сондай-ақ адам өміріне қауіп төнген төтенше жағдайларда азаматтардың өтініштері бойынша Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет – 112  қызмет көрсетеді. «iKomek-109» сервисінде 12 оператор жұмыс істейді.

Өңірімізге жұмыс сапарының соңында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин облыс орталығының түрлі салалардағы жұмыстарының жақсы жабдықталуын атап өтті. Ол Ақмола облысына заманауи технологияларды дамытуда барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын екендіктерін де жеткізді.

Серік ЖЕТПІСҚАЛИЕВ,

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Суретті түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар