24 НАУРЫЗ – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

Жұқпалы дерттің алдын алу және онымен күресу – баршамыздың ортақ парызымыз

Туберкулез ауруы әлі де бүкіл әлемде үлкен проблемаға айналған күйінде қалуда. Соның ішінде Еуразия аймағы елдерінде жұқпалы аурулардың ішінде бұрынғысынша басты орындардың бірінде келеді. Осыдан он жыл бұрын біздің Ақмола облысында жылына шамамен 1100-1250 туберкулез ауруы байқалатын. Оның жүзге жуығы балалар мен жеткіншектер арасында кездесетін еді. Жыл сайын 400-450 адам осы аурудың  белгілерімен ауруханаға қайтадан түсетін. Жылына осы жұқпалы аурудан  90 адамнан 115 адамға дейін қайтыс болып келді. Сондықтан, бұдан он жыл бұрын халық арасында осы аурумен сырқаттанушылық көрсеткіштерін төмендету жолымен туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды барынша тұрақтандыру мәселесі тұрды.

Туберкулезге қарсы күрес бағдарламасында дәрілік төзімділікті уақытында айқындау және соған сәйкес ем тағайындау мәселелері басты бағыт болып саналады. Осыған байланысты Ұлттық фтизипульмонология ғылыми орталығы мен Жаһандық қор жобасының арқасында 2011 жылдан бері туберкулезді жедел диагностикалаудың осы заманғы әдістері енгізілді. Мұның өзі Джен-эксперт, Хайн-тест, БАКТЕК арқылы туберкулез диагнозын қоюдың мерзімін үш айдан екі сағатқа дейін азайтты.

2012 жылдан бастап біздің облыста туберкулезбен ауыратын науқастарды амбулаторлық емдеу жөнінде пилоттық жоба іске асырылып келеді. Бұл жобаның аясында Көкшетау, Степногорск қалаларының емханалары мен Целиноград, Атбасар, Жарқайың, Ерейментау аудандық ауруханаларына және фтизипульмонология орталығына генндік-молекулярлық деңгейде жедел диагноз қоятын осы заманғы қондырғылар бөлінді. Олар туберкулездің бар-жоғын екі сағаттың ішінде анықтап береді. Туберкулездің микобактериясын бөлмейтін және айналасындағыларға қауіп төндірмейтін пациенттер тұрған жерлері бойынша емханаларда тиісті ем алады. Оның барысында стационардағыдай технологияны, емдеу шараларын бейнебақылау әдістерін қолдану арқылы пациентке жан-жақты көңіл бөлу шаралары ескеріледі. Үйде алатын ем-домды бақылайтын мобильді топтар жұмыс істейді. Бүгінгі таңда амбулаторлық емдеу мен қамту көрсеткіші 88,6 пайызға жетіп отыр.

Ұлттық стратегияға сәйкес облысымызда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық фтизипульмонология орталығы және Ғаламдық қордың басшылығымен емдеудің жаңа препараттары, сондай-ақ, қысқа мерзімді емдеу режимі енгізілген. Мұның өзі емдеу мерзімін 20 айдан 12 айға дейін қысқартуға мүмкіндік беріп отыр. Пациенттерді әлеуметтік қолдауға бөлінетін қаржы көлемінің жыл сайын өсуі байқалады. Бүгінгі таңда оның үлестік салмағы 4,5 пайыз деңгейінде сақталуда. Осы орайда, бұл қаржының материалдық кірісі төмен пациенттерді қолдауға және тиімді түрде емдеуге жеткіліксіз екенін де айта кетуіміз керек.

2017 жылдан бастап туберкулездің алдын алу және осы ауруды азайту мақсатында «Игілік» қоғамдық қорымен бірлесе жұмыс істеудеміз. Осы салада көп жылдық тәжірибесі бар білікті маман Айман Темірханова басқаратын бұл қор туберкулезбен және басқа да қатерлі жұқпалы аурулармен ауыратын халықтың аз қамтылған топтарын қолдау бағытында көп жұмыс атқарып келеді. Қор жұмысы азаматтық қоғаммен тығыз ынтымақтастық жағдайында жүргізілуде. Қор айналысып отырған жұмыс бағыты Ғаламдық қордың жобасы болып табылады. 2021 жылы туберкулезбен ауыратын 18 науқас анықталды, жеке куәліктері жоқ 10 пациент осындай куәліктермен қамтамасыз етілді. 135 науқас амбулаторлық емдеу кезеңінде көлік шығындарын өтеу ақысы ретінде барлығы 2980 мың теңгенің әлеуметтік көмегін алды.

2021 жылдың қорытындысы бойынша туберкулезбен сырқаттанушылық көрсеткіші облысымызда 2020 жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға азая түсті. 2021 жылы туберкулезге шалдығудың 305 жаңа оқиғасы тіркелді. Ал, 2020 жылы жаңадан 309 адам ауырған болатын. 18 жасқа дейінгі балалар арасындағы сырқаттанушылық көрсеткіші 16,8 пайызға немесе 2020 жылғы 9,5 көрсеткішіне қарағанда, 7,9 көрсеткішіне дейін төмендеді. Осылайша, туберкулезбен ауырған балалар саны 16 адамды құрады. Сол сияқты, туберкулезден болатын өлім-жітім де 1,4 пайызға азайды. Яғни, арғы жылы осындай 14 оқиға орын алса, былтыр 10 оқиға орын алды. Мұны пайызға айналдырсақ, 1,9 пайызды құрайды. Облысымызда 404 257 адам флюорографиялық тексеруден өтіп, бұл маңызды көрсеткішпен тұрғындардың 96 пайызы қамтылды.

Дегенмен, туберкулезге шалдығу көрсеткішінің жыл басынан бері облыс бойынша өсіп отырғаны алаңдатады. Қаңтар-ақпан айларында өткен жылдың екі айымен салыстырғанда бұл көрсеткіш 20 пайызға өсе түсті. Былтыр осы кезеңде 37 науқас анықталса, биыл 44 науқас анықталып, оның екеуі жасөспірім, біреуі жас бала болып отырғаны әрине, қалыпты жағдай емес. Сондықтан, қазіргі уақытта осы көрсеткішті төмендетуге барлық күш салынуда.

Өткен жылы біздің облыстық стационарда туберкулезбен ауырған 1106 науқас емделіп, отбасыларына оралды. Бүгінгі таңда біздің бөлімшелерде 73 науқас ем қабылдауда. Жалпы айтатын болсақ, біздің фтизипульмонология орталығында келіп түскен науқастарды ойдағыдай емдеп, жазып шығаруға барлық мүмкіндіктер бар. Атап айтсақ, 185 төсек-орындық 5 бөлімше жұмыс істейді. Олар туберкулездің сезімтал формаларымен ауыратын науқастарды емдейтін 100 төсек-орындық өкпе-терапевтік бөлімшесі, емдеудің қолдау фазасындағы пациенттер үшін ашылған 30 төсек-орындық өкпе-терапевтік  бөлімшесі, 25 төсек-орындық пульмонологиялық бөлімше және COVID-19 індетіне шалдыққан пациенттер үшін ұйымдастырылған 30 төсек-орындық реабилитациялық бөлімше.

Біздің орталықтың стационарында ем қабылдап жатқан пациенттер үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Науқастар күніне бес рет тамақтандырылып, қымызға дейін беріледі. Бұған дейін де, қазір де туберкуллезге қарсы препараттарды жеткізуде кідірістер туындаған жоқ. Жеткілікті мөлшерде барлық дәрі-дәрмек бар, олардың сақталу мерзімі де жақсы.

Туберкулезге қарсы шараларды іске асыру үшін ең алдымен, осы ауру бойынша төтенше эпидемиологиялық жағдай қалыптасқан өңірлерде аурумен күресті күшейту қажет. Бұл үшін апта сайын флюорографиялық тексеріс пен туберкулин диагностикалау жоспарының орындалуын бақылап отырған жөн. Тұрақты мекенжайы жоқ адамдарды есепке алу, құжаттандыру, тұратын орын тауып беру және емханаларға бекіту мәселелері де бір сәт естен шықпауы тиіс. Балалар арасында туберкулезбен сырқаттанушылыққа жол бермеу, оларды осы мақсатта сауықтандыру, тиісті екпелермен егуді қамтамасыз ету, туберкулин диагностикалауды, диаскинтестіні жолға қою да бұлжытпай орындалуы қажет шаралардың бірі. Бұл орайда, туберкулезден емделу режимін бұзатын, дәрігерлер кеңесі мен талабына құлақ аспайтын науқастарды іздестіру және емге тарту, ата-аналары қарсы болғандықтан, вакцина алмаған балалармен жұмыс жүргізу бір жағынан, жергілікті полиция қызметімен, тиісті органдармен және біздер, дәрігерлермен бірлесе атқарылатын жұмыстар екені даусыз. Сондай-ақ, облыстық және аудандық әкімдіктер туберкулезге шалдыққан науқастарға көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арттыру, туберкулез мәселелері бойынша халықты кеңінен құлақтандыру жұмыстарын ширату жағын да ойластыра түссе, нұр үстіне нұр.

Облысымызда 24 наурыз – Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай жарияланған айлық та міне, өз мәресіне жетті. Ол ақпанның 24-інде басталып, осы бір қауіпті жұқпалы дерттің алдын алу, оған қатысты күрмеулі мәселелерді шешу тұрғысында бірқатар игілікті істерге ұласты. Туберкулез сияқты әлеуметтік кеселмен күресте өзінің белгілі бір тиімділігін беріп келе жатқан осынау дәстүрлі айлық жылдан-жылға жалғаса түсіп, осы саладағы жағдайдың жақсаруына айтарлықтай септігін тигізеді деген сенімдеміз.

Жұмабек Махашев,

Қоңыратбек Құрманбаев атындағы Ақмола облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры.            

 

Екпе салудан бас тартатындар бар. Бұл – дұрыс емес.

Облыста өткен 2021 жылы 11313 сәби дүниеге келсе, олардың 10950-ы немесе 96,8 пайызы БЦЖ вакцинациясын алды. Ал, балаларына бұл вакцинаны салдыртпағандар өздерінің жеке себептерін алға тартуда. Мәселен, ата-аналар вакцина құрамына сенімсіздік білдіріп, дұрыс ақпараттанбағандықтарының салдарынан екпенің кері әсері болуы мүмкін деген себептерін айтып, одан бас тартқан. Астрахан, Атбасар, Бурабай, Бұланды, Есіл, Жақсы, Целиноград аудандарында, сондай-ақ Степногорск пен Көкшетау қалаларында екпеден бас тартушылар көп. Осының салдарынан туберкулезбен сырқаттанушылық деректерінің тіркелуі жалғасуда.

БЦЖ вакцинасы (Bacillus Calmette-Guérin, BCG) дегеніміз – туберкулезге қарсы екпе. Ол әлсіреген тірі сиыр туберкулезінің таяқшасы штамынан (лат. Mycobacterium bovis BCG) алынады, яғни, жасанды ортада арнайы өсіріліп, адамдар үшін вируленттілігін жоғалтады. Сонымен, БЦЖ вакцинасы – бұл әлсіреген вакциналық штамм, туберкулезге қарсы иммунитет қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Біздің елде вакцинаны республикалық бюджет есебінен орталықтандырылған сатып алу арқылы алады және препараттың тасымалдануы мен сақталуына қатаң бақылау жүргізіледі. Республикалық ұлттық күнтізбеге сәйкес, БЦЖ екпесі перзентханада бала өмірге келгеннен кейінгі алғашқы төрт күн ішінде сол жақ иығына, яғни қолдың жоғарғы әрі ортаңғы үштен бір бөлігінің шекарасына жасалады.

Неліктен БЦЖ тым ерте беріледі деген сауал туындауы мүмкін. Өкінішке орай, біздің елде қоғамдағы туберкулез жағдайы қолайсыз және туберкулезбен ауыратын науқастардың көбі өз аурулары туралы білмеуі де мүмкін, бірақ, олардан індет қоздырғыштары жан-жаққа жайылуы ықтимал. Өздерінің науқас екендіктерін білмейтіндер, сәйкесінше емделмейді және инфекцияның тасымалдаушысы болып жүре береді. БЦЖ алмаған сәби науқаспен байланыста болған кезде бірден туберкулезға ұшырайды. Ертеден белгілі, бала неғұрлым ерте инфекция жұқтырса, соғұрлым оның ауруға ұшырау ықтималдығы жоғары болады әрі ауруды басынан өткеру ағымы жайсыз және ауыр өтеді. Сондықтан, баланың иммунитеті болуы үшін вакцинацияны мүмкіндігінше ерте жасайды.

Вакцинациядан кейін неден қорқудың қажеті жоқ? Вакцинациядан кейінгі процестің қалыпты өтуі жөнінде айта кеткен жөн, өйткені, бұл тақырыпта көптеген сұрақтар туындап жатады. Әдетте, екпе алғаннан кейінгі 6-8 аптадан соң, яғни, бір жарым-екі ай ішінде вакцинациядан кейінгі реакция басталады. Бұған дейінгі көрінбейтін ақшыл түйін теріде көтеріліп, алдымен маса шаққанға ұқсайды, содан кейін егу орнында ашық сары сұйықтықпен толтырылған көпіршік пайда болады, содан кейін (әдетте сәбидің 3-4 айында) көпіршік жарылып, егу орны жабылады, бірнеше рет түсіп, қайтадан қыртыс пайда болады. Мұның барлығы кейбір ата-аналар сипаттайтындай қорқынышты емес, толығымен қалыпты процесс. Вакцинация орнына да ерекше күтім қажет емес. Екпе орнын ешқандай дезинфекциялық құралмен, йодпен сүртіп немесе жақпа майлар жағудың керегі жоқ. Мұндай әрекеттер вакцинаның жеткілікті тұрақты штаммын өлтіріп, вакцинациядан кейінгі реакцияны бұзуы мүмкін.

Ата-аналар нені ескерулері керек? Кейде вакцина тері ішіне емес, тері астына түсіп, ірің пайда болады, яғни, терінің астында болғандықтан, ол сырттай көрінбей, көкшіл тері астында бұршақ бар секілді байқалуы мүмкін. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Сондай-ақ, баланың сол жақ қолтық астындағы лимфа түйіндері ұлғаюы мүмкін. Мұның барлығы БЦЖ вакцинациясынан кейінгі асқыну белгілерін білдіреді және бұған учаскелік дәрігер міндетті түрде назар аударуы керек.  Өткен кезеңде облыста вакцинациядан кейінгі асқынудың – сол жақ қолтық астындағы лимфа түйіндері ұлғаюының 3 дерегі тіркелді. Мұндай асқынуларға ұшыраған балаларға бұдан кейін туберкулезге қарсы егулер жүргізілмейді.

Вакцинациядан бас тартып, антиваксер болу қазіргі уақытта сәнге айналып бара жатқандай. Кейбір ата-аналар вакцинация зиянды деп санайды, өйткені, олардың құрамында фенол, сынап және басқалары бар. БЦЖ вакцинасында шынымен осындай консерванттар бар, бірақ, онсыз тірі вакцина жасау мүмкін емес.

Шындығында, вакцина ағзаны туберкулез қоздырғышын жұқтырудан қорғамайды, бірақ, ол жасырын инфекцияның айқын ауруға ұласуынан және іс жүзінде 100 пайыз балаларды туберкулездің ауыр түрлерінен – туберкулез менингитінен, өкпе туберкулезінің ауыр түрлерінен қорғайды, ал, жұқтырған жағдайда вакцинацияланған балаларда оның жеңіл формасы дамиды, тиісті емдеу шараларынан кейін қолайлы нәтижеге жетуге болады.

Міне, осыны айта келе, балаларыңыздың денсаулығы өздеріңіздің қолдарыңызда дегіміз келеді.

Ырысты ШОЛАТАЕВА,

дәрігер-сарапшы,

жоғары санатты фтизиопедиатр.

Флюорографиялық тексеру – дертті уақытында анықтау кепілі

      Флюорография – бұл рентген сәулелерінің дене арқылы өтуі және дененің мүшелері мен тіндерінің біркелкі сіңірілмеуі нәтижесінде пайда болатын флуоресцентті экранда көрінетін кескінді суретке түсіруден тұратын рентгендік зерттеу. Флюорографиядан өткен кезде адам сәуле алады, бірақ сәулелену дозасы 0,04 м3 құрайды, бұл шекті жылдық дозадан 37 есе аз (1,5 м3). Тіпті табиғи сәулелену көздерінен біз флюорографияның бір реттік өтуінен гөрі көбірек сәуле өткіземіз

Флюорографиялық тексеру – ересектер мен жасөспірімдерде туберкулез ауруының бастапқы түрлерін анықтаудың негізгі және әзірге жалғыз тәсілі. Флюорографиялық тексеру кезінде басқа жасырын өтетін аурулар, мысалы, пневмония, өкпе обыры және тағы басқалар анықталады.

Туберкулез – бұл ұзақ уақыт бойы өзін көрсетпейтін және адам өзін сау сезінетін қауіпті ауру. Осы кезеңде туберкулезді тек рентгендік және флюорографиялық тексеру арқылы анықтауға болады.

Жыл сайынғы флюорографиялық тексерулер туберкулезді толық емдеген кезде уақтылы анықтауға көмектеседі.

Туберкулезді уақтылы анықтау үшін медицина қызметкерлері қауіп-қатер топтарын қалыптастырады, оларға халықтың едәуір бөлігі жатады. Бұл – ең алдымен байланыста болған адамдар, сондай-ақ, тыныс алу органдарының созылмалы аурулары, қант диабеті, алкоголизм, нашақорлық бар науқастар, жасөспірімдер, босанғаннан кейінгі кезеңдегі әйелдер, иммуносупрессивті терапия алатын адамдар, өкпеде туберкулезден кейінгі қалдық өзгерістері бар адамдар, 2 және одан да көп жыл флюорографиядан өтпеген адамдар және т. б.

Флюорографияға немқұрайлы қарау туберкулезді уақтылы анықтауды қиындатады. Флюорографиялық тексеруден жалтарған адамдарда өкпе тінінің ыдырауы бар туберкулездің дамыған түрлері жиі анықталады, оларды емдеу қиын емес, сонымен қатар, басқаларға жұқтыру көзі болып табылады. Өкінішке орай, кейбір тұрғындар флюорографиялық тексеруге бармайды, осылайша туберкулезді және басқа да ауыр ауруларды кеш анықтауға мүмкіндік береді.

Жыл сайын облыста ересектер мен жасөспірімдердің 96,6 пайызы профилактикалық флюорографиялық тексеру кезінде тексеріледі, бұл шамамен 404257 адам. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы №ҚР ДСМ-214/2020 «туберкулездің алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес флюорографиялық әдіспен тексеру үшін тәуекел тобындағы адамдарды іріктеу жүргізіледі.

Шалғайдағы ауылдық жерлердегі адамдарды тексеру үшін 9 жылжымалы флюороқұрылғылар пайдаланылады. Жылжымалы флюороқұрылғылардың жұмысы арқасында 50882 адам тексерілді.

Өкпеде патологиясы анықталған адамдар рентгенологиялық, томографиялық, зертханалық зерттеу әдістерін қолдана отырып, тереңірек тексеруден өтуі керек. Барлық туберкулезбен ауыратын науқастардың шамамен 68 пайызы флюорографиялық тексеру кезінде анықталады, яғни, бұл өкпесінде процестері шектеулі, емі тиімді және қысқа мерзімде болатын пациенттер. Туберкулезді емдеудің тиімділігі толығымен дер кезінде анықтауға байланысты!

Жанат ҒАЗИЗОВ,

бірінші санатты дәрігер-фтизиатр.

Туберкулез және АИТВ жұқпасы

  АИТВ жұқтырған науқастарға туберкулез аса қауіпті, себебі, ауыр иммун тапшылығы салдарынан мұндай науқастың ағзасы прогрессияға бейім болып келеді.

Кең таралған және үдемелі туберкулезі бар науқасты анықтау үшін оны АИТВ-инфекциясына мақсатты түрде тексеру қажет. Сонымен бірге, ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарды туберкулезбен ауыратын науқастар ретінде қарастырған жөн. АИТВ инфекциясының негізгі әсері бұрын туберкулез микобактерияларын жұқтырған адамдарда клиникалық айқын туберкулездің өршу жылдамдығынан көрінеді. Туберкулез және АИТВ инфекциясы үш нұсқада біріктірілуі мүмкін. Мәселен, АИТВ жұқтырған науқастардың туберкулезді алғашқы рет жұқтыруы, АИТВ инфекциясы мен туберкулезді бір мезгілде жұқтыруы, АИТВ-инфекциясы (ЖИТС) кезінде иммун тапшылығының дамуы аясында туберкулез процесінің дамуы. Туберкулез процесінің клиникалық көріністерінің ауырлығы неғұрлым көп болса, перифериялық қанда CD4+ жасушаларының саны соғұрлым аз болады. Иммунограммада патологиясы бар адамдарда өмірге қолайсыз болжам кезінде CD4 + лимфоциттер санының күрт төмендеуі байқалады, мұндай жағдайларда 30 пайызға жуығында химиотерапия аясында туберкулездің өршуі өлімге апарып соғуы мүмкін. АИТВ инфекциясы аясында туберкулездің негізгі клиникалық көріністері –астения, тұрақты немесе интермиттирлеуші қызба, ұзақ жөтел, дене салмағының едәуір төмендеуі, диарея (негізінен жатыр мойны және аксиларлы, сирек ішек), тығыз консистенция, түйнек, пальпация кезінде нашар ауысатын лимфа түйіндерінің ұлғаюы. АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастардағы туберкулез симптомдарының айқындылығы едәуір дәрежеде жасушалық иммунитеттің бәсеңдеуі дәрежесіне байланысты.                                                                   Туберкулез АИТВ-инфекциясы аясында пайда болған науқастарда кейінірек АҚТҚ жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауырған туберкулезбен ауыратын науқастарға қарағанда анағұрлым айқын клиникалық белгілер байқалады. Туберкулездің клиникалық көріністері жиі атипті болып табылады. Өкпеге зақым келген кезде үлестік инфильтраттар радиологиялық тұрғыдан типтік локализацияға ие болмайды, көбінесе процесс диссеминацияға бейім (милиарлы туберкулез). Әсіресе, патологиялық процеске лимфа түйіндері мен менингиальды мембраналар, сондай-ақ плевра қатысады. Көптеген науқастарда туберкулинге сезімталдық төмендейді, ал теріс реакциялар жиілігі CD4+ лимфоциттер деңгейіне кері пропорционалды. ЖҚТБ-да CD4+ лимфоциттердің құрамы 1 мм3-те 200-100-ден аз болған кезде иммундық жүйенің терең зақымдануы анықталады, бұл Т – жасушалық иммунитеттің жоғалғанға дейін төмендеуін көрсетеді. Милиарлы туберкулез және менингит сияқты ең ауыр, жедел және кең таралған процестер дамиды.        АИТВ жұқтырған науқастардағы тыныс алу туберкулезінің химиотерапиясының тиімділігі жоғары. Туберкулезбен және ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарды емдеудің әдеттегі аспектісі бір мезгілде бірнеше антиретровирустық препараттарды (нуклеозидті және нуклеозидті емес кері транскриптаза ингибиторлары және вирус протеаза ингибиторлары) тағайындау болып табылады.          Химиотерапияның қарқынды фазасында туберкулездің сезімтал нысандары бар АИТВ жұқтырған науқастар 2-3 ай ішінде төрт негізгі туберкулезге қарсы препарат алады: изониазид, рифампицин, пиразинамид және этамбутол.         Дәріге төзімділігі анықталған кезде химиотерапияны түзету жүргізіледі және емнің қарқынды фазасының мерзімі ұзартылады. Емдеудің жалпы ұзақтығы бактерия бөлуді тоқтату және өкпедегі процесті тұрақтандыру мерзімдерімен анықталады. Резервтік препараттар комбинациясының төмен тиімділігі, сондай-ақ МБТ-ның көптеген төзімді штаммдарынан туындаған туберкулездің қайталануы қаупіне байланысты химиотерапияны 18-22 ай бойы жүргізеді.                                                ЖҚТБ (СПИД) оба немесе тырысқақ емес. Кездейсоқ ЖҚТБ-ны жұқтыру да мүмкін емес. Тек адамның өзі ойланбай жасаған әрекеттерінің салдарынан өзінің және жақындарының денсаулығына зақым тигізуі мүмкін және бұл ауруға шалдыққан науқастардың туберкулезді жұқтыру қаупі жоғары.  АИТВ жұқтырған туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеудің нәтижелері мен тиімділігі ерте диагноз қоюға және тағайындалған дұрыс емнің уақытылы болуына және толық курстан өтуіне байланысты.

Күлбарам ТЕМІРОВА,

Директордың стратегиялық даму бойынша орынбасары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар