Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!
Қымбатты отандастар!
Сіздерді Наурыз мейрамы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл ежелгі көктем мерекесі адамдардың бойында жаңа өмірге құлшынысты, мейірім мен келісімді орнықтыра түседі. Ол бұрынғыдай адамдарды біріктіріп, біздің жан дүниемізді сүйіспеншілік және қуаныш реңімен нұрландырады, бізді жақсылық пен қайырымдылыққа бастайды.
Біз осы жылдың басында, «Қаңтар қасіретінде» басымыздан ауыр күндерді өткіздік. Алайда, баршамыздың ортақ құндылығымыз – тәуелсіздігімізді сақтап қалдық. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жаңа Жолдауында «Шегіне жете буырқанған, мемлекеттер қатаң санкциялармен тірескен, жер жүзіне қандай кесірі тиетіні беймәлім болып тұрған бүгінгі жағдайды адамзат бұрын-соңды көрмеген теңдессіз қиындық деуге әбден болады. Сондықтан, біз үшін көздеген мақсаттан ауытқымаудың, еліміздің тұтастығын, жалпыұлттық бірлігі мен тілектестігін сақтаудың өмірлік маңызы бар» деп атап көрсетті.
Биылғы жылы, пандемияның екі жылынан кейін біз Наурызды ерекше мерекелік көңіл-күймен қарсы алып отырмыз. Ұзақ уақыттан кейін тұңғыш рет думанды шаралар өткізіп, туған-туыстарымызбен қауышудың бақытын сезінетін боламыз. Мұның өзі кез-келген қиындықтарды жеңуге болатынын тағы бір дәлелдей түседі.
Қымбатты жерлестер!
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен тығыз топтасуларыңыздың арқасында біздің облыс әлеуметтік-экономикалық дамуда еліміздің аймақтары арасында көшбасшылық орнын сақтап қалуда. Сіздердің баршаңызға нәтижелі жұмыстарыңыз, жаңа Қазақстанды құру және туған өңіріміз – Ақмола облысын дамыту, қоғамда бірлік пен тұрақтылықты сақтау және нығайту ісіне қосқан үлестеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Биылғы жыл да біз үшін жемісті болатынына сенім мол.
Шын жүректен біздің Ақмола облысына, әр отбасына игілік пен жақсылық тілеймін. Наурыз мейрамы бізге күш-қуат пен деннің саулығын беріп, барлық армандарымыз орындалатын болсын!
* * *
Құрметті ақмолалықтар!
Сіздердің баршаңызды облыстық мәслихат депутаттары жылылық пен үмітке, жақсылық пен келісімге ұмтылдыратын, көктемнің самалымен келетін жарқын мерекемен құттықтайды! Адамдар арасындағы өзара түсіністік, бірлік, бір-біріне деген көмек ауадай қажет болған кезде өзектілігі ерекше бұл мерекенің терең мағынасы бар.
Бұл мереке халқымыздың мәдениетінің ұлылығын және ең жақсы дәстүрлерін бейнелейді. Айналамыздағы әлем ғана емес, сонымен қатар, адамның өзі де сергіп, жаңаратын керемет кез.
Біздің ортақ ұмтылысымыз лайықты еңбек етуге, балалар, немерелер, жақын адамдар үшін жақсы өмір сүруді қамтамасыз етуге, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге, отбасымыздың әл-ауқатының сенімді іргетасын қалауға мүмкіндік береді, ал біздің ортақ жетістіктеріміз ертеңгі күнге деген сенімділікті қалыптастырады.
Киелі Наурыз әрі көктем мерекесі қарсаңында әрбір күннің арайланған шуақты сәулесі біздің үйімізге бақыт пен амандық, денсаулық әкелсін! Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын!
Мұрат БАЛПАН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.