Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қорғалжын ауданында тарихи-өлкетану мұражайы ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Қорғалжын ауданында тарихи-өлкетану мұражайы ашылды

Наурыз мейрамына орайластырылған музейдің ашылу салтанатына аудан әкімі Берік Жанбаев, зиялы қауым өкідері мен тұрғындар қатысты деп хабарлайды, ішкі саясат басқармасы.

Тарихты зерттеп, зерделеп, оны халыққа жеткізу, бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, кейінгі ұрпаққа аманат етіп табыстау мақсатында ашылған музей аудан тұрғындары үшін мейрам қарсаңында тамаша жаңалық болды.

«Ауданымызда алғашқы рет тарихи-өлектану қоғамдық музейін ашып отырмыз. Баршамызға құтты болсын. Бұл мұражай ұрпақтарымыз үшін жасалған аса бағалы мәдени орын деп ойлаймын.Осы мұражай орналасқан ғимараттын өзі – тарихи ескерткіштердің бірі деп саналады», — деп атап өтті аудан әкімі Берік Жанбаев.

Ауданда музей ашу жұмыстары 2019 жылдан бастап қолға алынған. Сол уақыттан бері арнайы фонд құрылып, оған жергілікті халық қаражат салса, Қорғалжын ауданы әкімдігі музейге арнап ғимарат бөлді. Бұл ғимараттың өзі ауданда ең бірініші болып бас көтерген құрылыстардың бірі.

Музейдің жан-жақты жұмыстарын атқарып, еңбегін сіңірген зейнеткер, өлкетанушы Аманжол Әужанұлының айтуынша бір ғасырға жуық тарихы бар Қорғалжын өлкесінде әлі талай сырға толы тарихи мұралар табылып, анықталып, мұражайдың жәдігерлері одан әрі толықтырылады.

Музейде аудан тарихы, ауданды ашқан тұлғалар туралы ақпараттар, тарихи және ескі жәдігерлер қойылған.

Айта кетейік, музей ауданға жылына 5000 астам келетін туристке ауданның тарихымен танысуға тамаша мүмкіндік береді.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар