Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Азаматтық қорғаныс мақтаулысы - АРҚА АЖАРЫ

Азаматтық қорғаныс мақтаулысы

Азаматтық қорғаныс саласында ерлермен қатар, ел тыныштығына ұйытқы болып жүрген әйел азаматшалар қатары көп. Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің  «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі  өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Гүлмира Ұзақбайқызы Нұрбаева туралы сөз бөлек. 

Ол жұмысына аса ыждаһаттылықпен қарайтын өз ісінің кәсіби шебері, отбасының ұйытқысы болып отырған аяулы жар, асыл ана. Гүлмира Ұзақбайқызының ата-анасы оны жастайынан еңбекке, адамгершілік абзал қасиеттерге балуып өсірді.

– Мен өз мамандығымды жүрек қалауымен таңдаған жанмын. Себебі, біз қызмет барысында төтенше жағдайға тап болған кез-келген адамға қолұшын беріп, барынша көмек көрсетуге тырысамыз. Жалғанда жан баласын қамқорлыққа бөлеуден асқан мейірімді іс жоқ деп білемін. Мен адамзатқа аса қажетті мамандық иесі екендігімді мақтаныш санаймын» – дейді әріптесіміз бізбен әңгіме барысында.

Гүлмира Ұзақбайқызыбұрынғы Көкшетау облысы, Ленинград ауданының тумасы.Қызмет жолынсол кездегі Солтүстік Қазақстан облысы Көкшетау қаласының мемлекеттік өртке қарсы қызметінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының диспетчерінен бастады. Кейін әр түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.Атап айтсақ, «101» пультіндегі диспетчерлік қызметте, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі және өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру саласындағы қызметтерде де, кәсіби және дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыру кезінде де үнемі үздік нәтижелер көрсетті.

Қызмет барысында Гүлмира Ұзақбайқызы өзін өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шешім қабылдауда жауапкершілікті өз мойнына алуға қабілетті және бастамашыл қызметкер ретінде танытып, әріптестері арасында беделге ие бола білді.

Алған жұмыс тәжірибесінің, жауапкершілігінің және тәртіптілігінің арқасында тек ұжымның ғана емес, сонымен қатар, тікелей басшылықтың сенімі мен құрметіне ие болды, бұл оның қатардағы қызметкерден подполковникке дейінгі мансаптық өсуіне ықпал етті.

Гүлмира Ұзақбайқызы ер адамдармен қатар жұмыс істеу оңай емес екендігін және сол үдеден шығу үшін үнемі ізденіс пен ыждаһатты еңбектің қажет екендігін баса айтады. Осы орайда:

– Кез-келген ортада жан-жағыңдағыларға шынайы адал көңілмен қарасаң, еңбегің де адал болса, міндетті түрде сол ықылас, ақ ниетің өзіңе мың есе сауап болып қайтады, – дейді өз сөзінде.

Өмірге деген құлшынысы зор, кәсіби тәжірибесі молаяулы жанның ғұмыр жолын сараптай келе, оның адамгершілігі мен ақыл-парасаты өзгелерге үлгі боларлықтай екендігін атап өтсек дейміз. Бір ғана мысал, Гүлмира Ұзақбайқызы жұмысқа енді ғана орналасқан жас қызметкерлерді еңбекке баулып, олармен өз тәжірибесімен бөлісіп, тәлімгер ретінде де өзін таныта білді.

Ол осындай қызметіне адалдығы мен жоғары кәсіби біліктілігіне сәйкес «Азаматтық қорғау органдарындағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен, көптегенҚұрмет грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар, оның «бірінші сыныпты маман – тәлімгер» сыныптық біліктілігі бар.

Осындай жауапкершілігі зор қызметпен бірге әйел ананың отбасы алдындағы борышы бұдан да биік. Бірақ, сондай сәтте жаныңды ұғатын, қолдау білдіретін жанжарыңның жаныңнан табылуы бір бақыт. Гүлмира Ұзақбайқызы жұбайы азаматтық қорғау подполковнигі Мереке Олжабайұлы Нұрбаевпен бірге осы салада қызмет атқарады. ЕкеуіАлмас пен Санжар есімді ұлдарды тәрбиелеп өсірді. Алмас Көкшетау қаласындағы қазақ-түрік лицейінде оқып, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Ағылшын филологиясы» мамандығы бойынша бітірді. Одан әрі оқуын Румыния Республикасында жалғастырды. Қазіргі таңда үйленген, зайыбы Айзадамен бірге Линара мен Сара есімді екі бала тәрбиелеп отыр. Қазіргі таңда Алмас Астана қаласының әуежайында авиадиспетчер болып жұмыс істейді. Ұлдары Санжар болса, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің 1 курс студенті.

2022 жылғы 21 ақпанда Гүлмира Ұзақбайқызы құрметті демалысқа шықты. 35 жылдан астам жалпы жұмыс өтілі бар болса, оның 24 жылында азаматтық қорғау органдарына қызмет еткен әріптесімізге зор денсаулық, отбасының амандығы мен бар жақсылықты тілейміз!

Әлемгүл АЙТМАҒАМБЕТОВА,

Ақмола облысы төтенше жағдайлар

департаментінің кадр саясаты бөлімініңбас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар