Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Оразаның пайдасы - АРҚА АЖАРЫ

Оразаның пайдасы

Ауыз бекітіп ораза ұстаудың сауап тұрғысынан да, денсаулық тұрғысынан да пайдасы зор.

Ораза ем ретінде ішек аурулары, іш қату жағдайын жақсартады екен. Оразаның медициналық емдігінің қатарында кейбір тері ауруларының жақсаруы, асқазан мен ішек жұмысына тоқтау салып олардың белгілі бір уақыт аралығында тынығуы қамтамасыз етіледі. Ораза адамның ішкі мүшелеріне жиналатын майларды ерітіп, метоболизмді жандандырады.

Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабеті), жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзімділікті арттырады.  Оразаның пайдасы туралы Алекс Каррел:

– Белгілі бір уақыт аралығында ашығу бауырдағы шекерлерді, тері астындағы май қыртыстарын, бұлшық ет, без, көк бауыр жасушалардағы протеиндердің кимылын арттырады. Барлық мүшелер өз құрамы мен жүрек біртұтастығын қорғау үшін жанын салады. Міне, осылайша ораза тканьдарымызды тазалап, өзгертіп отырады, – деген.

Адамдағы шайтани әрі нәпсіқұмарлық сезімнің оянып қозуы жыныстық гормондардың әсер күші мен олардың мөлшеріне байланысты. Ораза сол гормондардың қандағы мөлшерін азайтатындықтан ол адамдағы құмарлық сезімді басады.

Нығметтердің қадірін сездіреді

Рамазан айындағы ораза шынайы, ақ пейілден шыққан Аллаға шүкіршілікті білдіреді. Өйткені, басқа уақыттарда аштықтың не екенін сезінбеген адам өзіне келіп-кетіп жатқан рызық-несібелердің де қадір-қасиетін ұғына бермейді. Бір үзім қатқан нанның қадірін, әсіресе, ауыздарынан ақ майы ажырамайтын дәулетті, тоқ адамдар жай кезде біле бермейді. Білсе де сезіне алмайды. Алайда, сол бір үзім қара нанның қасиетін ауыз ашар уақытта ауыз бекіткен мұсылман жан-тәнімен сезінеді.

Рамазан айында нығмет-несібе атаулының қадірін біліп, іштей шүкіршілік етеді.  Бұған қоса, оразаның қоғамдық пайдасын да айтпай кетпей болмайды. Қоғамдық өмірге көз жіберсек, адамдардың көбі материалдық мүмкіндіктеріне қарай әр түрлі жаратылғанын көреміз. Сол үшін де Алла бақуатты жандарды жоқ-жітік адамдарға қол ұшын беруге шақыруда. Олар   кедейшілік пен аштықты тек ораза ұстаған кездерде ғана шынайы сезіне алуда. Егер ораза болмаса, қарақан басын ғана ойлайтын көптеген байшыкештер тұрмысы төмен жандардың күнделікті жай-күйін, олардың ылғи да ашқұрсақ жүретінін, кедей-кембағалардың мейірім мен жанашырлыққа қаншалықты мұқтаж екендіктерін сезінбейді. «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды» демекші, аш адамның ішкі жай-күйін ұғыну үшін тоқ адамның да бір мезгіл ашығып көруі қажет. Ол үшін Ораза ұстау ең тиімді тәсіл. Осы тұрғыдан алғанда адамның өзгелерге жанашырлық танытуы ондағы шынайы шүкірдің негізі болып табылады. Егер ол қиындықты өзі де бастан кешпесе, онда жеткілікті деңгейде оны түсіне алмасы, қажетінше жанашырлық көрсетіп бауырмалдық таныта алмасы белгілі.

Ораза – адам үшін ең керекті дәрі. Ол – рухани әрі материалдық, медициналық диета. Адамның қалауынша тынбастан ішіп-жей беруі оның денсаулығына ғана зиян емес, адал-арам деп ажыратып жатпастан асқа қол салатындығы оның рухани тыныс-тіршілігіне де залалын тигізеді. Ондайда нәпсінің жүрек пен рухқа бағынуы өте қиын.

Қасиетті Рамазан айында болса, ораза арқылы нәпсі диетаға көндігеді. Рухани өсіп, тақуалық артады. Жаратқанның бұйырған әмірлеріне бас июді үйренеді. Асқазан да ас қорытпай тұрып тамақ үстіне тамақ қабылдап түрлі ауруларды жамамайтын болады. Жаратқанның әмірін тыңдап, күндіз алдындағы адал астан бас тартуға дағдыланған пенде арам астан да бойын аулақ салуды әдет етеді. Ақыл-ой, санасымен Ислам дінінің басқа да бұйрықтарын орындауға қабілеті күшейеді. Ол осылайша рухани өмірінің тұтастығын сақтауға тырысады.

Рамазан айындағы ораза он бес сағатты, сәресі болмаса жиырма төрт сағатты құрайды. Бұл дегеніңіз – осынша уақыт аштыққа төзімділік көрсету, шыдамдылық таныту деген сөз. Демек, қиындықты екі есеге ұлғайтатын сабырсыздық пен шыдамсыздықтың бірден-бір емі – Ораза.

Оразада қан айналым жүйесі жақсарады

Ораза кезінде күндізгі уақыттарда қандағы холлестерин деңгейі төмендейді. Тамырдың жақтауларында бірігіп қалған ескі холлестерин, май қалдықтары бірте-бірте қан айналымына араласып, еріп, қаттылығын жоғалтады. Әсіресе, түстен кейін қан қысымы біраз төмендейтіндіктен, тамырлардағы қысымның азаюы себепті рахат күй кешу, демалу байқалады. Осыдан барып сол күннің ең бір қорқынышты ауруы «артериосклероз» (жүректің қысылуы және сал болу себептері) ораза мен дәреттің ортақ әсерімен жойылады. Жыл сайын ауыз бекітіп, ылғи да дәрет алып жүретін 300-дей қарт кісіге жүргізілген зерттеуде оларда титтей де болса артериосклероз кінәраты кездеспеген әрі жас мөлшері 65-тен асса да қан қысымы көтерілмеген.

Жүрекке келсек, жүректің үстінде оған кері әсер ететін үш жақ бар: тамырдың қаттылығы, жүйкенің шаршауы, асқазанға ылғи да қысым түсетіндігі. Ораза ұстаған адам осының үшеуінен де зиян шекпейді.

Оразда бауыр қызметі жақсарады

Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен тіршіліктегі дәм-тұзы таусылып өлгенге дейінгі аралықта дамылсыз жұмыс істейтін асқазан оразаның арқасында орташа есеппен күніне төрт сағат тынығады екен. Бұл оның өзіндегі кем-кетік жағын дұрыстауына мүмкіндік туғызады. Ораза бауырдың жақсаруына тікелей әсер етеді. Дененің түрлі бөлігінде бауыр жүздеген міндет атқарады. Өтке май сіңіртуден бастап, ауруларға қарсы тұратын заттарды өндіретін барлық істерді, түптеп келгенде, денедегі барлық химиялық жағдаяттар бауырдың ішінде өтеді. Бауыр өте сирек ауырады, бірақ, міндеті көбейіп ауырлаған сайын өз қызметінде ақау сездіреді.

Бүгінгі таңда дамыған медицина көптеген аурулардың басталу себебі, яғни дененің ауруға қарсы тұру иммунитетінің әлсіреуі негізінен бауырға күш түсу деп білуде.

Ораза болса, бауырдың күн сайын үш-төрт сағат тынығуын қамтамасыз етеді. Бұл бауыр қызметін тұтастай өзгертпегенімен оған шек қоя отырып, баяу жұмыс істеуіне жағдай туғызады. Осылайша басқа мүшелер секілді бауыр да ораза кезінде тынығады. Дененің ас қорыту мүшесінің қызметі жақсара түседі.

Дененің химиялық үрдістері ең алдымен қанда өтеді. Әр түрлі қоректік заттар мен қорғану заттары, тыныстау алдымен белгілі бір қан деңгейінде қайталанып отырады. Бұл заттар қоюланған сайын дене де соған сай белсенді әрекетке көшеді.

Ораза ұстап, ауыз бекіткен адамдарда бұл заттар қатары көбеймейді. Оның ең төменгі деңгейде қалуы қандағы химиялық процестердің оңай жүруін қамтамасыз етеді. Әлсіздігін алға тартып, ораза ұстамағандар өздеріндегі сол әлсіздікке ораза тұтпағандықтары себеп болып жатқанын біле бермейді. Өйткені, әлжуаз адамдардың қанындағы химиялық процестер тепе-теңдік сақтауда қауқарсыздық танытып жатады.

Сондықтан, ауырдым екен деп, Оразадан бас тартқан дұрыс болмас. Меніңше, Ораза түсіне білген адамға қандай ауруына да сеп болады. Қан қысымыңыз болсын, асқазан, бүйрек аурулары болсын, Ораза ұстаған адамға Алла өзі күш-қуат беретіндей. Көбіне, естіп жатамыз, «Оразаны зейнеткерлікке шыққасын ұстаймын» дегендерді.  Бұл енді өзін алдаусырату, нәпсіні тыймау деген сөз. Жалпы, нәпсіні тыю деген біле-білсек, артық ішіп-жеуден, ғайбат сөйлеуден, ерсі қылықтардан тыйылу. Осының бәрінен Ораза тұтып қана арыла алатынымызды ұмытпайықшы.

Міне, Оразаның тән саулығына тигізер игі ықпалы осындай екен. Оразаларыңыз қабыл болсын, достар!

«Қасиетті ай – Рамазан» кітапшасы бойынша қысқартып дайындаған Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар