Жеті лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес басшылығының меңгерушісі  Дархан Хайруллин «Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық бақылау нәтижелері және мемлекеттік қызмет саласын бақылау бойынша жұмыс қорытындылары» туралы хабарлама жасады.

Ағымдағы жылы Әдеп жөніндегі кеңестің үш отырысы өткізіліп, онда 28 іс қаралған. Оның 11-і құқық бұзушылықтың алдын алу сипатында болса, 17-сінде мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс қаралған. Ал, өткен жылғы тәртіптік істерді қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес төрт қызметшіні мемлекеттің беделіне нұқсан келтіргені үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдаған. 13 іс мемлекттік қызметшінің әрекеттерінде тәртіптік теріс қылықтың болмауына байланысты тоқтатылған.

– Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау кезінде біздің департамент кестеге сәйкес мемлекеттік органдардың қызметіне 12 тексеру жүргізді. Олардың 11-і жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, біреуі профилактикалық бақылау және тексеру нәтижелері бойынша жүзеге асырылып, мемлекеттік қызмет саласындағы 45 заң бұзушылық анықталды, – деп атап көрсеткен Дархан Хайруллин  жеті лауазымды тұлғаның тәртіптік жауапкершілікке тартылғанын жеткізді.

Осылайша департаментте мемлекеттік қызметті сапалы атқару мәселесі басты назарда екені даусыз. Сәйкесінше өңірде мемлекеттік органдар көрсететін электронды қызмет түрі де жанданған. Хабарламашының айтуынша, соңғы жылдары біздің облыс мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша алғашқы бестікте тұр. Бұл көрсеткіш мемлекеттік қызмет көрсету сапасын ішкі бақылау қызметтерінің үйлесімді жұмысының арқасында қолжетімді болып отыр.

Брифинг соңында хабарламашы журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар