10 ауданда жүз текше метрге жуық қар суы сорылды

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдің бірқатар аудандарында су тасқынына қарсы қажетті шаралар қабылдануда.

Бүгінгі күні  өңіріміздің 10 аудан аумағында еріген қар суы тартылып, 98285 текше метрден астам су сорылған. Бұдан бөлек, инертті материалдары бар 11990 дана қап жиналып, 4710 данасы төселген. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 21130 метр болатын 5 аудан аумағында каналдарды, арықтарды жайластыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыс аумағында барлығы 59107 метр арықтар мен каналдар тазартылып, өңірдің 16 ауданының аумағынан 274,42 мың м3 болатын қар шығарылды.

Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу үшін төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдар  және  полиция департаментінен 422 адам, 158 техника, 41 мотопомпа жұмылдырылған.

Гидробекеттердің бір бөлігінде өзен арнасында қардың еруімен байланысты судың деңгейінің ауытқуы да байқалады. Әйтсе де, сыни белгілерден асып кетуі, су басу қаупі жоқ. Қазіргі таңда су тасқынына қарсы шаралардың жағдайы Ақмола облыстық Төтенше жағдай департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев пен жергілікті атқарушы органдардың жіті бақылауында.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар