Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің өкілі майор Арман Тастанбеков Батыс Сахарадағы БҰҰ миссиясының (MINURSO) әскери бақылаушысы болды. Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, офицер бір жыл бойы бітімгерлердің он базасының бірінде миссия атқаратын болады.
Қазір ол Эль-Аюн қаласында (миссия штабы) тіркеу рәсімінен өтіп, біліктілік тестілерін тапсырады. Дайындық шаралары аяқталған соң қызметтік міндеттерін орындауға кіріседі. – Майор Арман Тастанбеков 2018 жылғы қазан айынан бастап, 2019 жылғы мамырға дейін Ливандағы Қазақстан бітімгерлер ротасының құрамында взвод командирі лауазымында қызмет атқарды, – делінген мәліметте.
2020 жылы ол БҰҰ бітімгершілік миссияларына әскери бақылаушы және БҰҰ штабтық офицері ретінде қатысу үшін үміткерлер қатарында іріктеуден сәтті өтті. Осы категория бойынша: « Қ.Тоқаев Ш.Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті Президентке Каспий құбыр консорциумындағы жағдайға байланысты есеп берілді »
Дереккөз: 24.kz/