Бүгін 7-ші сәуір күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасов дүниеге келген күн

Қажымұқан Мұңайтпасұлы 1871 жылы 7 сәуірде Ақмола уезі, Сарытерек болысына қарасты Жәдік деген жерде дүниеге келген. Әлемдік аренада алғаш рет 1906 жылы Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста жеңімпаз атану арқылы әйгілі болған палуан дүниежүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Поль Понс сынды палуандармен күрескен.

Бар ғұмырын күрес өнеріне арнап, көзі тірісінде аңызға айналған батыр бабамыз жайлы кей деректерге қарағанда, күрестің бірнеше түрінен 54 мемлекетте күресіп, 48 медаль олжалаған. Ол 1948 жылы Түркістан облысының Ордабасы ауданында өмірден озды. Палуан бабамыздың төрт әйелінен тараған ұрпақ бүгінде Түркістан мен Ақмола өңірінде тұрып жатыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар