Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елімізде түсті металдар қоры таусылуға жақын тұр - АРҚА АЖАРЫ

Елімізде түсті металдар қоры таусылуға жақын тұр

Қазақстанның тау-кен металлургиясы өнімдерін тасымалдауда қиындықтар бар. Бұл туралы сала қауымдастығының өкілдері хабарлады. Логистикалық мәселелер тауар құнына кері әсер етеді дейді олар. Мәселе қалай шешілмек? Алдағы 10-15 жылда Қазақстанның түсті металдар қоры таусылуы мүмкін.

Сала қауымдастығы өкілдері осындай болжам жасады. Мәселенің алдын алу үшін барлау жұмыстарына көңіл бөлу керек дейді мамандар. Жалпы тау-кен металлургиясы Қазақстан экономикасындағы басты салалардың бірі. Ол өнеркәсіп өнідірісінің 25%-ін, ішкі жалпы өнімнің 12%-ін береді. Соңғы үш жылда әлемде барлау жұмыстарын бағалау мен талдауда өте үлкен технологиялық серпіліс болды. Оған жасанды интеллект пен бұлтты технологиялар кіреді. Геологтар жинаған ақпаратты жасанды интеллект көмегімен өңдеп, нәтижеге бұрынғыға қарағанда жүз есе жылдам қол жеткізуге мүмкіндік бар. Бұл тек геологиялық барлау жұмыстарына қатысты. Бүгінде жаңа технологияны тау-кен өндірісінің басқа да бағыттарында кеңінен пайдаланады.

Төлеген Мұқанов, республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың қауымдастығы атқарушы директорының бірінші орынбасары:

– Біздің Қазақстандағы жер қойнауындағы байлықтарға совет үкіметі кезінде ғана барлау жүргізілген.  Соның ішінде түсті металл жөнінде. Олардың қоры 10-15 жылдай қалды. Сондықтан қазір ең өзекті мәселердің бірі сапалы жер қойнауындағы металлдарды барлау.

Тау-кен металлургия өнімдері тасымалында қиындықтар бар – 2019 жылдан бері геологиялық барлау жұмыстарына 1700-дей лицензия берілген.

Бұл туралы елордада өтіп жатқан МАЙНЕКС Қазақстан-2022 халықаралық тау-кен геологиялық форумында сөз болды. Жиын Қазақстан мен Орталық Азия аумағы елдеріне тау кен өндірісі саласына жаңа технологиялар мен инвестия тартуға бағытталған. Биылғы форумда әлемдік нарықтағы өзгерістер талқыланды. Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушылар мен инвесторларды қандай өзгерістер күтіп тұрғаны сөз болды.

Еске салайық, елде  2025 жылға дейін шығарылатын көмірқышқыл газдарды 30%-ке дейін азайту міндеті қойылған. Бірақ сала мамандары күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге де тоқталды. Оның ішінде тау-кен өнімдерін тасымалдауда Ресей мен Украина шиеленісі нәтижесінде туындаған логистикалық қиындықтар.

Төлеген Мұқанов, республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың  қауымдастығы атқарушы директорының бірінші орынбасары:

– Қазіргі мынау геосаясатқа байланысты тау-кен металлургия саласында өте күрделі мәселелер пайда болды. Біз шығаратын өнімімізді шетелге жібере алмай отырмыз. Бұрын осының бәрі Ресей арқылы өтетін. Ресейдің порттары арқылы өтетін, Қиыр Шығыстан, Қара теңізден. Сондықтан бұл мәселеге қазір басқа логистика қаралып жатыр. Өзіміздің порт Ақтау дейміз, басқа жолдар. Бұл мәселелерде біріншіден, біздің тауарымыздың бағасын қымбаттады логистика өзгерген соң. Екіншіден, әлі бұл мәселе шешілмей жатыр. Порт Ақтау осынша өнімді қабылдауға дайын емес.

Дереккөз: 24.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар