Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай мен ұнның экспортына шектеулер енгізеді - АРҚА АЖАРЫ

Ауыл шаруашылығы министрлігі бидай мен ұнның экспортына шектеулер енгізеді

«Қазақстан Республикасының аумағынан жекелеген тауарларды әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 16 сәуірдегі №110 бұйрығымен бидай мен ұн экспортына квота енгізіледі. Қазіргі уақытта бұйрық ҚР Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолданды.

Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлады. Жоғарыда көрсетілген бұйрық қолданысқа енгізілген күннен ағымдағы жылғы 15 маусымға дейін бидай мен ұн экспорты бекітілген квота көлемі шеңберінде жүзеге асырылатын болады: — бидай мен меслинге – 1 млн. тонна; — бидай немесе қара бидай ұнына – 300 мың тонна. Бұл ретте жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, бидай әкетуге арналған квотаны бөлуге, әкетуге мәлімделген көлемнен 10%-ын белгіленген баға бойынша «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ-ға өткізген өтініш берушілер жіберіледі (бидайдың тіркелген бағасы мен сапалық көрсеткіштері, жұмсақ бидай жеткізілетін астық қабылдау кәсіпорындарының тізімі мен мекенжайлары жоғарыда көрсетілген бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін Министрліктің ресми интернет-ресурсында жарияланатын болады).

Сонымен бірге, бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін кеден заңнамасына сәйкес экспорттың кедендік рәсімі бойынша орналастырылған және шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының аумағынан кедергісіз әкетуге жататыны туралы хабарлаймыз. Бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін кедендік декларация немесе өзге де кедендік құжаттар тіркелмеген тауарларға фитосанитариялық сертификатты ресімдеу жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

Дереккөз: 24.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар