Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстаннан заңсыз жылыстатылған 28 млн доллар бұғатталды - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстаннан заңсыз жылыстатылған 28 млн доллар бұғатталды

Президентке биылғы бірінші тоқсан нәтижелері туралы баяндаған Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов елден заңсыз шығарылған 28 млн АҚШ доллары бұғатталғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Президенттің тапсырмасы аясында қаржыны Қазақстаннан тыс жерлерге заңсыз жылыстатуға қарсы жұмыстар өндірісте. Агенттік төрағасының айтуынша, 7 қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Мемлекет басшысы Агенттіктің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарының маңызды екенін ерекше атап өтіп, Жанат Элимановқа бизнеске қатысты жүргізіліп жатқан барлық қылмыстық істі тергеп-тексеру кезінде заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Президенттің пікірінше, құқық қорғау және бақылаушы органдар кәсіпкерлердің өтініштеріне жедел назар аударуға және олардың құқығын шектемеуге тиіс. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдағаны туралы жазылған.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар