Кітап апталығына арналды

Көкшетау орталық қалалық балалар және жасөспірімдер үлгілі кітапханасында  Балалар жылы және Кітап апталығы аясында «Барша әдебиеттің  бастауы – балалар әдебиеті» тақырыбында әдеби қонақжай өткізілді.Іс-шараға балалар әдебиеті тақырыбына қалам тартып жүрген Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Серік Сапарұлы Жетпісқалиевқатысты. Ол журналистиканың таусылмайтын күнделікті жұмысымен қатар, жазушылық парызы мен ақындық қарызын бір сәт естен шығармаған шығармашыл жан. Серік Сапарұлы бала кезінде-ақ Жайықта Махамбет батыр атындағы мектепте білім алып, біртуар тұлғаның өлмес мұраларын жастайынан көкірегіне тоқып өскен.Сондықтан болар, ақынның Көкшетау қаласының баспасынан шығып, қалың оқырман қауымға жол тартқан «Тасқайрақ» деген жинағында Махамбет туралы жазылған циклді жырларында өзгеше сарын бар.

Ақыноқушыларға батыр туралы өлеңдерін мәнерлеп оқып, Махамбеттей күрделі тұлғаны жырлаған отты өлеңдерінің шығу тарихына тоқталды. Олардың қойған сұрақтарына жауап берді. Жасөспірімдерді білімді, әрі  шымыр болып өсуі үшін,  кітапты көп оқуға,спортпен шынығуға шақырды.

Қол жеткен жетістіктеріне жетуге әсерін тигізген ұстазы, поэзия алыбы Қадыр Мырза Әлі жайлы сыр шертті. Оның көзі тірісіндегі кітап оқуға құмарлығын балаларға үлгі етті.Домбыраны қолына алып, ән де шырқап берді.«Күмбірлеген домбыраның үні батыр­ларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген. Домбыраның пернесінен шыққан күйлерде халқымыздың терең тарихы бар. Біз атадан балаға аманат болған асыл мұрамызды сақтап, қадір тұ­туымыз қажет» дедіқасиетті домбыраны жанына серік еткенақын.

Бұл кездесуде №21 жалпы білім беретін мектептің 7 сынып оқушылары жазушының өмір жолы мен шығармашылығы туралы  автордың өз аузынан біразмағлұмат алды.Серік Сапарұлының«Анамның ақ көйлегі»,«Қорқыт ата ертегісі», «Құбыжық пен Ару қыз», тағы басқа драмалық аудармалары Көкшетаудың театр сахнасында ауық-ауық көрсетіліп тұратынынан хабардар болды.

Оқушыларғапрозалық жанрда да қалам тербеген автордың  балаларға арналған  «Балық аулай барғанда», «Бахтияр бұзық бала емес» атты кітаптарын оқу ұсынылды.Әдеби-қонақжайымыздың құрметті қонағы іс-шара соңында  кітапханамызға 2021 жылы баспадан шыққан ақмолалық қаламгерлердің әңгімелері мен өлеңдері жинақталған «Балаларға базарлық»  атты кітапты сыйға тартты.

Бақытжан АЙДОСОВА,

Көкшетау орталық қалалық балалар

 және жасөспірімдер үлгілі

 кітапханасының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар