Ақынның рухына құрмет қөрсетілді

Мәслихат хатшысы Мұрат Балпан Нұр-Сұлтан қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ақын, жазушы және композитор Кәкімбек Салықовтың 90 жылдығына арналған естелік іс-шараларға  қатысты.

Ақмола делегациясына онымен қатар облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары Ғосман Төлеғұл мен Шияп Әлиев, журналист, жазушы, «Ақмола тірішілік» ЖШС директоры Ж. Ерғалиев кірді.

Нұр-Сұлтан қаласында К.Салықов өмірінің соңғы жылдары тұрған үйде мемориалдық тақта орнатылды. Іс-шараға ақынның туыстары, достары мен серіктері, оның жерлестері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, мәдениет пен өнер өкілдері, Қазақстанның түкпір-түкпірінен жазушылар мен ақындар жиналды. Е.Рахамдиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясында фотосуреттер мен кітаптар көрмесі, сондай-ақ К.Салықовтың өлеңдеріне жазылған шығармалар бойынша концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Мұрат Сағатұлы Кәкімбек Салықовтың отбасына облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың атынан құттықтау хатын табыстады.

«Біздің  халқымыз үшін  Кәкімбек  ағаның есімі аса қымбат. Кен инженерінен аға жолы ақындыққа ұласып, ол өзінің  жанына поэзияны серік етіп, барша халықтың ықыласы мен сүйіспеншілігіне бөленді.

Қазақтың жезкиік ақыны атанған Кәкімбек Салықов өзінің туған өлкесі Есіл мен Көкше өңірлерінің сұлу табиғатын, жақсы да жайсаң адамдарын өз жырларына арқау етті. Әсіресе, Көкшетау мен Бурабай, Айыртау мен Зеренді сияқты жер сұлулығы, тамаша табиғаты ақын ағамыздың жырлары мен әндері болып, халқымыздың жадында қалды», – деп әкімнің  хатында жазылған.

Нұр-Сұлтандағы естелік іс-шаралар кешкі ауызашармен аяқталды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар