Аш қарынға су ішудің пайдасы

Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Суды дұрыс ішудің бірнеше ережесін білсеңіз, оның пайдасын еселеуге болады. Күнде таңертең аш қарынға бір стақан жылы су ішуді әдетке айналдырсаңыз, ағзада жағымды өзгерістер орын алады.

 Ағзаны тазартады

Түнде ағза демалып қана қоймай, токсиндерден тазарады. Ал, аш қарынға су ішу бұл процеске көмектесе түседі. Оған қоса, жүйелі түрде су ішу бұлшықеттер жасушалары мен жаңа эритроциттердің өңделуіне ықпал етеді.

Көңілкүйді жақсартады

Аш қарынға ішілген судың токсиндерді шығару мен ағзаны «іске қосу» қабілеті адамның эмоциялық жағдайына да жағымды әсер етеді. Су жүйке жүйесіне жанама әсер ете отырып, ашушаңдықты басады және ұйқыны ашады.

 Жүрек жұмысына көмектеседі

Жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының ең кең тараған түрлеріне инфаркт пен инсульт жатады. Олар, әдетте, қандағы сұйықтық мөлшері аз болғандықтан қан ұйықтарының түзілуінен пайда болады. Жүйелі түрде аш қарынға су ішу қантамырлар жүйесіне жағымды әсер етеді және инсульт қаупін төмендетеді.

Асқазан-ішек жолы ауруларының алдын алады

Қыжыл немесе асқазан-ішек жолының басқа да жағымсыздықтары көбіне асқазандағы жоғары қышқылдылықтың себебінен пайда болады. Егер аш қарынға уақытылы су ішсеңіз, ол қышқылды сұйылтады және жағымсыз сезімдерден арылтады. Сондай-ақ асқазан таңғы асқа дайындалады.

Судың адам миына әсері мол

Зат алмасуды жылдамдатады

Арықтағысы келетіндер немесе асқазан жұмысын реттегісі келетіндер үшін зат алмасу процесін бақылау маңызды. Егер ол жеткілікті түрде жылдам болмаса, судың көмегіне жүгінуге болады. Аш қарынға ішілген су зат алмасу жылдамдығын 30%-ға арттырады.

Тері жағдайы да жақсарады

Сыртқы келбетіңіз жақсы көрінгенін қаласаңыз, алдымен ішкі жағдайға мән беру керек. Бұл жерде ағзаның су тепе-теңдігін ұстап тұру маңызды рөл атқарады. Әйтпесе, тері құрғақтанып, ерте әжімдер пайда бола бастайды. Күнде таңертең аш қарынға бір стақан су ішу арқылы тері жағдайын жақсартуға болады.

Шаш саулығын сақтайды

Ағзаға су жетіспесе, ол шаштың сыртқы жағдайына, оның өсуі мен қалыңдығына негатив әсер етеді. Сондықтан шашыңыз мықты болуы үшін жеткілікті түрде су ішу керек.

Бүйрек ауруларының алдын алады

Бүйректердің сау болуы ағзадағы су тепе-теңдігінің қалыпты болуымен тікелей байланысты. Аш қарынға және күні бойы уақытылы су ішіп тұру зәр мөлшерін арттырады. Соның себебінен бүйректерде болуы мүмкін минералдар сұйылады. Осылайша, тастар түзілуінің немесе қабынулар пайда болуының алдын алуға болады.

Иммунитетті нығайтады

Көптеген аурулардың пайда болуы тікелей иммунитет жағдайымен байланысты. Аш қарынға ішілген су лимфалық жүйелер теңгеріміне жағымды әсер етеді. Ол өз кезегінде ағзаны қатайтып, түрлі аурулардың қоздырғыштарына төзімді болуына көмектеседі.

Интернет материалдары бойынша дайындаған 

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар