Қарияларды құттықтап, қолдау көрсетті

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі  мерекесі күні қарсаңында Көкшетаудағы қарт адамдар мен қиын жағдайға тап болғандарды қамқорлыққа алған  «Доброе сердце» деп аталатын пансионатқа барып, оның қам көңіл тұрғындарын келе жатқан мерекемен құттықтап, 1 миллион теңге қаражатты сыйға тартты.

Дроздев көшесіндегі 36-шы және 34-ші үйлерде орналасқан пансионатта былтыр, ашылған уақыттында 12 адам болса, қазір пана іздегендер саны 38-ге жеткен. Пансионат директоры Ирина Катухованың айтуынша қиналған жандарға қол ұшын беруді көздеген волентерлерді Солтүстік Қазақстан облысындағы «Теолайн» кенбайыту комбинаты жақсы қолдауда. Олар екі бірдей коттежді жалға алуға мүмкіндік беріп отыр. Басқа да мұқтаж жандарға көмектесушілер баршылық. Мысалы, «Табыс» дүкенінің басшысы Әлия Серікқызы үнемі киім-кешекпен көмектесіп тұратын көрінеді.

Облыс әкімі қариялар мен қиындыққа душар болған жандардың тұрмыстарымен танысып, амандық-саулық, жоқ-жітіктерін сұрастырып, көмектесуге уәде берді. Пансионат тұрғындары бөлмелерінің жылы да жайлы, тамақтануларының ойдағыдай екендігін, сондай-ақ, тәрбиешілерінің қажет болғанда  дәрігерлер шақыртып, қарататынын, осында жатып ем қабылдайтындықтарын айтты. Денсаулықтарын түзеуге спорттық тренажерлер де бар. Аулаға шығып таза ауа жұтып, көкөніс егіп-өсіріп, баптап пайдалы еңбекпен айналысуларына да болады.

Ермек Маржықпаев жылы жүздесуден кейін пансионат тұрғындарын келе жатқан 1 мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, оларға 1 миллион теңге көлемінде қаражат пен мерекелік дастархандарына тәтті-дәмділер сыйға тартты.

                                                           Серік Сапарұлы,

                                               «Арқа ажарының» тілшісі.

Суретті түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар