Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Денсаулық сақтау саласын дамыту – басты назарда - АРҚА АЖАРЫ

Денсаулық сақтау саласын дамыту – басты назарда

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев көпбейінді облыстық аурухана мен перинаталдық орталықта, сондай-ақ, «Қамқорлық» балаларды оңалту орталығында  болып, осы мекемелердің жұмысымен және материалдық-техникалық жабдықталуының жайымен танысты.

Өңір басшысына Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов, аурухананың бас дәрігері  Нұрлан Жаров облыстық аурухананың бүгінгі күнгі жағдайы, емдеу құрал-жабдықтарының мүмкіндіктері, науқастар палаталарының қолайлылығы, дәрігер-мамандардың қызметі барысы туралы баяндады. 2021 жылы жергілікті бюджет көмегімен ауруханаға ангиографрафиалық қондырғы сатылып алынған. Басшыға іс үстіндегі  қондырғы жұмысы таныстырылды. Ол Францияның «General Electric Medical Systems» фирмасынан шыққан модель. Толық күйінде жеткізіліп, орналастырылған күрделі қондырғы толықанды тиімді жұмыс істеп тұр.

Перинаталдық орталықтың бес қабатты көне ғимараты облыстық бюджеттен 243  миллион теңге қаражат бөлініп,  2014 жылы күрделі жөндеуден өткізілген.2021 жылы облыстық бюджеттің көмегімен 270 миллион теңгеге 4 қабатты гинекологиялық ғимаратқа да күрделі жөндеу жүргізілген. Көпбейінді облыстық ауруханасы директорының орынбасары Алма Құрмашева өңір басшысына  аурухананы аралатып, оның жұмыс үрдісімен таныстырды. Ғиматтары күрделі жөндеуден өткізіліп, жаңа медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген, білікті дәрігерлер жұмыс жасайтын  аурухананың соңғы жылдары тұрғындар арасында беделі өсіп, жұртшылық сенімі артқан. Жас аналар алыс аудандардан, қалалардан келіп, осында босануда.

Ермек Маржықпаевқа ота жасауға дайындайтын, ота жасалатын, зарарсыздандыру бөлмелері, рентген кабинеті, ондағы жабдықтардың атқаратын жұмыс қызметі туралы әңгімеленіп, науқастар жататын палаталарға дейін таныстырылды.

Облыс әкімі осында жұмыс істейтін дәрігерлер, медбикелермен сөйлесіп, оларға жалпы облыс көлемінде медициналық мекемелерге, дәрігерлерге жасалып жатқан көмек, ауруханалар мен емханалардың салынуы, жаңа медициналық қондырғыларды сатып алудағы жетістіктер туралы айта келіп, жұмыстарына ризашылығын білдіріп, еңбектеріне жеміс тіледі.

Облыстық көпбейінді балалар  ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Жанар Әубәкірова өңір басшысына «Қамқорлық» оңалту орталығын ашу үшін емхананың бірінші қабатынан 720 шаршы метр орынның босатылып берілгенін хабарлады. Мұнда жыл бойына облыста тұратын 3 жастан 18 жасқа дейінгі  650 бала қабылданып, оларға кешенді неврологиялық көмек көрсетіледі. Бұл ауруханада облыс әкіміне эрготерапия, сенсорлық, сумен емдеу, интерактивті, шунгит, тұзды шахта, тағы басқа көптеген кабинеттер көрсетілді. Оларда дамуында кемшілігі бар балалардың қимыл-қозғалыстарын жетілдіру, жүйкесін тыныштандырып, ой-өрістерін дамыту, өзіне деген сенімін арыттыруға арналған түрлі жаттығулар, әдістер жүргізілуде. Бала бейімділігін арыттыруға арналған бүгінгі талапқа сай жаңа құрал-жабдық, қондырғылар көп. Жұмыс үстіндегі дәрігерлерге:

–Кабинеттер өте жақсы жабдықталған. Тиімді жұмыс жасауға толық мүмкіндік бар. Тек сіздердің мұндай, мүмкіндігі шектеулі балалармен ерекше мейіріммен жұмыс істеулеріңіз керек, осыны әрдайым естен шығармаңыздар, – деген Ермек Маржықпаев  әр өңірден балаларын емдеуге алып келген ата-аналармен пікірлесіп, балалармен әңгімелесті. Ата-аналар өңір басшысына науқас балаларының тез оңалуына қолайлы жағдай туғызғаны үшін алғыстарын айтты.

–Мұнда келгелі балаларымыздың көңіл-күйлері жақсарып, өмірге деген қызығушылықтары артты. Ем ойын арқылы, түрлі қондырғыларға қызықтыру арқылы жүргізілуде. Неше түрлі компьютерлік көріністер көрсететін кабинеттер, балалардың денсаулығы мен мүмкіндігіне орайластырылған спорттық жабдықтарды көргенде балаларымыз күлімдеп қоя береді. Үнемі тұнжырап жүретін балаларымыздың осы күйін көргенде біз де ерекше қуанамыз, – дейді ата-аналар.

Ермек Маржықпаев медицина мекемелерін аралап көргеннен кейін Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов, ауруханалар  басшыларының бұл саланы одан әрі жетілдіру бағытындағы ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алға қарай да көмек-қолдаудың болатын айтты.

                                   Серік САПАРҰЛЫ,

 «Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Суреттерді түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар