Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, Көкшетау қаласындағы Бурабай спорт сарайында ұйымдастырылған турнир Жеңіс күніне орайластырылып отыр. Жарысқа Ақмола облысының әр өңірінен жиналған 50-ге жуық ардагер қатысты. Олардың дайындық деңгейі айтарлықтай жоғары.
«Шахмат пен дойбы шеберлік пен шыдамдылықты қажет ететін интеллектуалдық ойын болғандықтан біз барымызды салып жатырмыз. Біздерге осындай жақсы көңіл-күй сыйлап, қуантып отырғандарыңызға шынайы алғысымды білдеремін», — деді Аршалы ауданынан келген ардагер Бақытберім Ләтіпов.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерлері ұпай санымен анықталды.