Тұрғын үй аулаларында ардагерлер құрметіне майдан әндері орындалды

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласындағы бірнеше тұрғын үй  ауласында тыл еңбеккерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері және ардагерлердің жесірлеріне арналған концерттер өтті. Жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында осындай концерттер өткізіліп тұрады.

«Көкшетау қаласындағы бірнеше тұрғын үй  ауласында тыл еңбеккерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері және ардагерлердің жесірлеріне арналған концерттер өтті. Бүгінгі таңда полиция сапында қызмет істеген төрт майдангер, сондай-ақ, соғыс және ішкі істер органдары ардагерлерінің жесірлері қалды. Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында біз олардың әрқайсысына көңіл бөліп, қамқорлық көрсетуге тырыстық», – деді ведомстводан.

Алдымен концерт Боровской шағын ауданындағы №64 тұрғын үйдің ауласында өтті. Мұнда ұзақ жылдар ішкі істер органдары жүйесінде жұмыс істеген, милиция қызметкерлерінің тұтас тобын тәрбиелеген тылшы, құрметті ардагер, милиция подполковнигі Жәнібек Тілеубердин тұрады. Таңертеңнен бастап үйдің ауласында аты аңызға айналған «Темная ночь», «Журавли», «Синий платочек» әндері шырқалды.

Тыл еңбеккерін полиция департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полиция полковнигі Думан Таев құттықтады. Сонымен бірге, полиция қызметкерлері концертті тамашаулаға келген әйелдерді биге шақырды.

Бұдан әрі мерекелік концерт соғыс және ішкі істер органдары ардагерінің жұбайы Сара Өтебаева тұратын үйдің ауласында жалғасты. Денсаулығына байланысты ардагердің жесірі үйдің ауласына түсе алмағандықтан, сүйікті әндерін терезеден тыңдады. Тыл еңбеккерлері, ішкі істер органдарының ардагерлері Ботан Оразбеков, Николай Митрофанов, Николай Сокирко, сондай-ақ ардагерлердің жесірлері Зикен Жаркенова, Нағима Осипова, Ольга Гречухина және Ксения Тюменцева үшін де концерт ұйымдастырылды. Тәртіп сақшыларының орындауындағы майдан әндері ардагерлердің көңілінен шықты.

Айта кетсек, Ақмола облысында 10-ға жуық соғыс ардагері қалды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар