Сенат референдумға қатысты заң жобасын түзетулермен Мәжіліске қайтарды

– Сенаттың жалпы отырысында «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы қаралды. Құжатқа түзетулер енгізілгендіктен заң жобасы Мәжіліске қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сенаторлар «Референдум туралы» заңнан Елбасы туралы норманы алып тастады. Құжаттың бұрынғы нұсқасы бойынша Тұңғыш Президенттің мәртебесіне қатысты мәселелер республикалық референдумның нысанасы бола алмайды. Сенат депутаттары бұл норманы заң жобасынан алып тастауды ұсынды.
Түзету қолданыстағы Заңның 3-бабының 2-тармағы туралы болып отыр. Сенаттың редакциясында бұл норма «мемлекеттің тәуелсіздігін, Республиканың біртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Республика қызметінің түбегейлі принциптерін өзгерту» мәселелері ғана референдумның нысанасы бола алмайтынын көздейді. Енді бұл заң жобасын Мәжіліс депутаттары қайта қарайды. Егер олар келіссе, құжат алдағы уақытта Мемлекет басшысына қол қоюға жіберіледі. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар